“Bolashaq” академиясы” ЖМ – де 2022 жылдың 24 қаңтарында ЖОО сайтында жарияланған хабарландыру бойынша бос лауазымдарға орналасуға конкурс аяқталды.
Комиссия құрамында: ректор, проректорлар, кәсіподақ комитетінің төрағасы, заңгер.
Байқау екі кезеңде өтті.


1 кезең (21.02.2022 ж. дейін) – үміткерлердің құжаттар пакетін тапсыруы (өтініш; кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ; өмірбаян; жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат; қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері; ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі);
2-кезең (25.02.2022 ж. дейін.) – конкурсанттармен әңгімелесу; бейне сабақтарды, сабаққа қатысуды талдау; үміткерлердің жетістіктерін талдау; алдағы жылға және болашаққа жұмыс жоспарларын анықтау.
Байқау нәтижелерімен академияның кадр басқармасынан танысуға болады.
