2022 жылдың 24 қаңтарынан 07 ақпанына дейін “Bolashaq” академиясының “Ғылыми зерттеулер және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұйымдастыру” орталығында “7М04102 Қаржы” білім беру бағдарламасы МФ-20-2 тобының магистранты Арыстанов С.С. ғылыми тағылымдамадан табысты өтті.

Ғылыми тағылымдама аясында магистранттар академия кітапханасындағы арнайы әдебиетті зерттеді, оның ішінде магистрлік жұмыстың теориялық тарауына арналған “ИРБИС” электрондық жүйесімен жұмыс істеу дағдыларын меңгерді.