2023 жылғы 12 желтоқсанда “Шет тілі: екі шет тілі” ББ студенттерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының жұмысы және “Bolashaq” Академиясы түлектері қауымдастығының қызметі шеңберінде студенттер мен ПОҚ -тың академия түлегі “Wonderland” Шет тілдері және аударма орталығының негізін қалаушы Апакова Мейрамгүл Айдархановнамен кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Мейрамгүл Айдарханқызы орталықты құру тәжірибесімен бөлісті, шет тілдерін оқыту және аударма қызметтерін ұсыну саласында өз жолын қалай бастағаны туралы айтты.
Кездесу аясында мастер-класс өткізілді, онда Мейрамгүл Айдарханқызы оқу процесінің тиімділігі мен әртүрлілігін арттыруға ықпал ететін оқытудың тиімді әдістері мен стратегияларын ұсынды. Мастер-класс қатысушылардың белсенді өзара әрекеттесуіне, соның ішінде практикалық жаттығуларға, тәжірибе алмасуға және білім берудегі заманауи тенденцияларды талқылауға бағытталған. Мастер-класс студенттердің болашақ кәсіби қызметіне қаншалықты қызығушылық танытатынын көрсетті. Студенттер оқыту әдістемесіне қатысты сұрақтарды белсенді түрде қойып, осы саланың барлық қиыншылықтарына қызығушылық танытты.
Іс-шара соңында студенттер кездесу және мастер-класс туралы өз әсерлерімен бөлісті. Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы Мейрамгүл Айдарханқызына алғыс білдіріп, “Bolashaq” Академиясының естелік сыйлығын табыс етті.