“Bolashaq”Академиясының ПОҚ үшін оқыту семинары

2023 жылғы 12 қазанда оқу-әдістемелік басқармасы ҚБТ және IT-қолдау орталығымен бірлесіп ПОҚ үшін “Тест тапсырмаларын құрастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар” тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты: ПОҚ-ты қиындық деңгейлері бойынша тест тапсырмаларын жасау технологиясымен және “Платонус” ААЖ-ге жүктеу үдерісімен таныстыру.

Семинардың бірінші бөлімінде Академиялық мәселелер жөніндегі проректор С.Б. Бекжанова білім алушылардың дайындық сапасын арттыруға және білім мен дағды деңгейін бағалау кезінде объективтілікке қол жеткізуге бағытталған тест тапсырмаларын құрастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарға шолу жасады.

Семинар барысында УМУ басшысы Г.Т. Таликова негізгі ережелерді белгіледі:

-тест тапсырмаларын жасауға қойылатын талаптар;

-тест тапсырмаларының негізгі қасиеттері;

-тест тапсырмаларының қиындық деңгейлерінің сипаттамасы (қарапайым, орташа және күрделі).

ҚБТ және IT-қолдау орталығының басшысы А.А. Дүйсенова семинардың практикалық бөлімінде “Платонус” ААЖ – да қиындық деңгейлері бойынша тест тапсырмаларын жүктеу процесін көрсетті.

Семинар соңында оқытушылар өздеріне қажетті сұрақтарға жауап алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.