“Bolashaq” Академиясынан көмек

Су тасқынынан елдің батыс және солтүстік аймақтары зардап шегіп жатқандығы баршаға мәлім. Су тасқынынан зардап шеккен халыққа мемлекет пен халық үлкен қолдау көрсетуде. Еліміздің барлық өңірлерінде қажетті заттарды жинау бойынша қабылдау пункттері ашылды.
“Bolashaq” Академиясы қызметкерлері, оқытушылары мен студенттері зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына қолдан келгенше көмек көрсетуді өздерінің міндеті деп санайды.


Академияда қабылдау пункті ашылды, оған барлық адамдар азық-түлік, киім-кешек және қажетті заттар әкеліп тапсыра алады.


Академиядан Солтүстік Қазақстан облысына гуманитарлық көмек ретінде ауыз су жүгі жөнелтуге дайын.

Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аудандарының эвакуациялық пункттеріне жүкті жеткізуге жәрдемдескені үшін Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-ға алғысымызды білдіреміз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.