2024 жылғы 6 қыркүйекте Ин-24-1к тобының аға эдвайзері М.К. Абдрешева “Bolashaq Академиясы студентінің ар-намыс кодексімен танысу”тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Бұл Кодексте академия студенттерінің құқықтары мен міндеттері жазылған. Әр студент Ар-намыс Кодексімен мұқият танысып шықты.


Сондай-ақ, Ин-24-1 К тобының студенттері танысу парақтарын алып, оларға қол қойды. Мадина Аббасовна мен Ин-24-1к тобы “Bolashaq” Академиясы студентінің ар-намыс кодексі туралы белсенді пікірталас жүргізді. Студенттер Академияның саясаты, жарғысы және миссиясы туралы сұрақтар қойды.