“Іскерлік шет тілі” пәні” “Шет тілі: екі шет тілі”білім беру бағдарламасы студенттерінің кәсіби дайындығында үлкен рөл атқарады. Екі шет тілінің болашақ мұғалімі алған білімдерін тек тілдік деңгейде немесе факультативте ғана пайдаланып қоймайды. Ол стартап құрудың бастамашысы бола алады, Мектеп немесе колледж оқушыларын командада жұмыс істеуге, стартапқа қатысу дағдыларына үйрете алады, олардың идеяларын, инновациялық, логикалық және стратегиялық ойлауын дамыта алады.
Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының оқытушысы Мадина Каббасовна Абдрешеваның ИН-19-1,2 к тобындағы бүгінгі сабағы әдебиеттегі стратегиялық ойлау мазмұнын ағылшын тілінде талдауға арналды. Студенттер сөйлеу барысында жаңа лексиканы белсенді қолданды, оқытушы белгілеген тақырып бойынша пікірталастарға қатысты, гипотезалар, ұсыныстар жасады, олардың күшті және әлсіз жақтарын қарастырды. Әр студент оқу үрдісінің белсенді қатысушысы болды. Қысқа уақытқа белгіленген іскерлік ойын студенттердің шет тілін меңгеру деңгейін анықтауға, “стратегиялық ойлау” терминін түсінуге көмектесті.
Студенттер шет тілінде бейіндік мәтінді оқу, сол тілде сөйлеу, диалогты қолдау, сұрақтарға жауап беру, мәселенің неде екенін көре білу, және оны шешу жолдарын іздеу дағдыларының қалыптасуының өте жоғары деңгейін көрсетті. Практикалық сабақтың мазмұны сабақтың басында айтылған мақсатқа сәйкес келді. Студенттер алған жаңа білімдеріне ризашылық танытты. Кафедра және академия бойынша қатысқан әріптестер жас оқытушының сабағының жеткілікті жоғары әдістемелік деңгейін, шет тілінде білім беру тілін және әдістемесін өте жақсы меңгергенін атап өтті. Әріптесімізге оның семестр бойы жүргізген жұмысының нәтижелерін көруге мүмкіндік бергені үшін рахмет айтамыз.
Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы