Біздің студенттердің жеңістері

ДЮ-20-1с тобының студенті Жанабаев Данияр Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті қабырғасында өткен студенттер арасындағы ғылыми жұмыстардың аймақтық конкурсына қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.
Жанабаев Данияр ағылшын тілінде «Traditional Court of Biys a unique judicial system of Kazakh Steppe» атты баяндама жасап, 2 орын алған ғылыми конкурстың тақырыбы «Мемлекеттік құқықтың даму теориясы мен тарихы» деп аталады.

Даниярдың ғылыми жетекшісі – з.ғ. к., профессор Қабжанов А. Т.

Комиссия Даниярдың жұмысын жоғары бағалап, өзекті тақырыптың бірі ретінде атап өтті.

«Bolashaq» академиясы Даниярды кезекті жетістігімен құттықтайды және оған шығармашылық табыс тілейді!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.