2021 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысындағы басқармасында “Bolashaq” академиясының студенттері “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік жоба” конкурсына қатысты, конкурс мемлекет пен қоғамның әлеуметтік құбылысы ретінде сыбайлас жемқорлықты қабылдамауға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында өткізілді. Көптеген жобалар ұсынылды. Бірақ ең үздігі және мақсатты әрекеттерге лайықты деп біздің студенттер танылды! Атап айтқанда Қожахметов Марлен Ю-19-2 тобынан және
Амина Кабдолла-Ф-19-2 тобынан.
Олар : “Студенттік өзін-өзі басқару жоғары оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді құралы ретінде” атты өз жобасымен бағалы сыйлықтар мен дипломдарды алып, лайықты 1-ші орынға ие болды! Студенттерімізді құттықтаймыз! Болашақта тағы да үлкен табыстар тілейміз!