27 тамызда “Bolashaq” академиясында барлық санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, білім беру бағдарламаларының барлық 1 курс студенттерімен кездесу өтті.

Кездесуді Академия ректоры, профессор Қ. Н.Меңлібаев ашып, бірінші курс студенттерін жаңа өмір баспалдағына өтуімен құттықтай отырып, ЖОО туралы, жыл сайын Академия қатысатын республикалық рейтингтер туралы айтып өтті.

Одан әрі студенттер алдында Академия проректорлары, тіркеу бөлімінің, ҚОТ орталығының, масс-медиа басшылары сөз сөйледі. Қашықтықтан оқыту жағдайында бірлескен жұмысқа қатысты мәселелер айтылды.








Бірінші курс студенттерінің алдында Академияның студент жастарының өкілдері сөз сөйледі. “Жылдың үздік студенті” республикалық байқауының жеңімпаздары атанған “Болашақ” Республикасының Президенті мен Премьер-Министрі ЖОО-ның жарқын өмірі туралы айтып, студенттік өзін-өзі басқаруды өз белсенділігімен қолдауға шақырды


Содан кейін жеке аудиторияда әр топпен Moodul және Platonus платформаларында жұмыс істеу бойынша оқыту семинары өткізілді.
Кездесу туралы естелік ретінде студенттер брендтелген футболкалар мен “ЛиМоНаД” студенттік газетінің нөмірлерін алды.




