Балқаш қаласының 9-11 сынып оқушыларына арналған “Кәсіптік жәрмеңке-2024” кәсіби жәрмеңкесі

Қарағанды облысы білім басқармасының “Балқаш қаласының білім бөлімі” ММ 9-11 сынып оқушыларына арналған “Кәсіптік жәрмеңке-2024” кәсіби жәрмеңкесін ұйымдастырды.

2024 жылдың 30-31 қаңтарында “Балқаш қаласының білім бөлімі” ММ әкімшілігі “Оқушылар сарайы” КМҚК мәдени орталығында 9, 10, 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында “Кәсіптік жәрмеңке-2024” кәсіби жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылында 9 сыныптан – 1114 адам, 11 сыныптан – 412 оқушы, сондай-ақ 10 сыныптан 484 оқушы білім алуда.

Аталған іс-шараға педагогика кафедрасының аға оқытушылары Сабира Сартайқызы Шутенова, Самал Кемелбайқызы Мекадилова қатысты, сондай-ақ Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінің өкілдері шақырылды.

Оқытушылар Балқаш қаласы мектептерінің түлектерін “Bolashaq”Академиясы көрсететін білім беру қызметтері туралы ақпараттандыру мақсатында қатысты. Мектеп түлектері “Bolashaq” Академиясының күндізгі бөлімдерінде талапкерлерді қабылдау ережелерімен және оқу шарттарымен танысты, оқытушылар түлектердің оқу құны мен ұзақтығы, магистратурада оқуды жалғастыру мүмкіндігі, бюджеттік орындардың болуы және т.б. мәселелер туралы сұрақтарына жауап берді.

Сабира Сартайқызы мен Самал Кемелбайқызы мектеп түлектеріне академияның бакалавриаты мен магистратурасында білім алу арқылы қандай білім беру бағдарламаларын алуға болатындығы, алынған білім беру бағдарламалары қандай мүмкіндіктер ашатындығы, олардың еңбек нарығында қаншалықты сұранысқа ие екендігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Оқушыларға Академияның материалдық-техникалық базасы, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және алыс шетелдің басқа жоғары оқу орындарымен байланыстары, шетелде білім беру гранттарын алуға арналған конкурстарға қатысу мүмкіндіктері туралы айтылды. Олар студенттердің бос уақыттарын ғылыми зерттеулермен, вокалмен, бимен, театр қойылымдарына, түрлі шығармашылық байқауларға қатысумен қаншалықты қызықты өткізетіндігі туралы айтты.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында аға оқытушылар Сабира Сартайқызы мен Самал Кемелбайқызы кәсіби жәрмеңкені ұйымдастыру бойынша жауапты, білім бөлімінің әдіскері Саягүл Тұрғанқызымен бірге Балқаш қаласының мектеп психологтарымен кездесу ұйымдастырылды. Оладың ішінде “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасы бойынша білім алған “Bolashaq”Академиясының түлектері болды.

Мақсатты кездесуде кәсіби сипаттағы мынадай мәселелер талқыланды:

-дұрыс мамандық таңдауға қалай көмектесуге болады;

-жоғары оқу орнын дұрыс таңдау; және т. б.

-академияның имидждік іс-шараларына оқушылардың белсенді қатысуы;

-сонымен қатар магистратурада оқуды міндетті түрде жалғастыру туралы.

Кәсіптік жәрмеңке-2024″ кәсіби жәрмеңкесінің соңында Балқаш қаласының білім бөлімінің әдіскері Саягүл Тұрғанқызы Ахметова белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіріп, қорытындылап, құттықтау сөздерінен кейін Қарағанды қаласының барлық ЖОО және колледж өкілдеріне алғыс хаттар табыстады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.