2024 жылдың 3-мамырында Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы ZOOM платформасында Академик Сәтбаев Қаныш Имантайұлының 125- жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасының Конституциясы мен мемлекеттік рәміздерінің негіздерін білуге арналған жыл сайынғы аймақтық онлайн олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты ҚР Конституциясы мен Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді наситхаттау, сондай-ақ студент жастарды патриоттық тәрбиелеу болып табылады.
Олимпиадаға Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінен екі команда, Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Қарағанды Экономикалық университеті және біздің академияның 1-курс студенттері (Құнанбаев С., Кадрин Т., Қуат Г., Турганбаев А. Ғылыми жетекші: Отыншиева Г.К.) қатысты. Олимпиада төрт кезеңнен тұрды.


Бірінші айналым – «Бейнебаяндар» сайысы;
Екінші айналым – «Тестілеу»;
Үшінші айналым – «Брейн-ринг».
Олимпиада қорытындысы мамыр айының 17-ші жұлдызында шықты. Біздің академияның 1-курс студенттерінен құралған «Заңгерлер» тобы «Үздік бейнебаян» номинациясын және 3-орынды иеленді.
Студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
