Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған IX республикалық студент жастардың «Мен жастарға сенемін!» форумы

2021 жылдың 30 қарашасында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған IX республикалық студент жастардың «Мен жастарға сенемін!» форумы өтетін болады.


ФОРУМ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ФОРУМДЫ ҚОЛДАУШЫЛАР – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты, «Жандану» қоғамдық қоры, Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан Журналистер Одағы, ҚазҰУ Түлектер Қауымдастығы, «Қазақстанның волонтерлар Лигасы» қоғамдық қоры, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысы» Қоғамдық бірлестігі.

БАЙҚАУ МАҚСАТЫ – студент жастардың Қазақстан болашағы
алдындағы азаматтық жауапкершілігін және патриоттық сезімін
арттыру.

БАЙҚАУ МІНДЕТІ:
*
Қазақстандық қоғамның әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешуге
арналған жастар бастамаларын ынталандыру;
* Жастар бастамаларын қолдау және көтермелеу;
*Мемлекеттік құрылымдар, қоғамдық ұйымдар және бизнес
өкілдерімен қазақстандық қоғамның бірлігін нығайту мақсатындағы
жастар диалогын ұйымдастыру.

БАЙҚАУҒА ТӨМЕНДЕГІ ІС-ШАРАЛАРЫ КІРЕДІ:

  1. «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім»
    студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар;
  2. «Мен өз елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» студенттік эссе;
  3. «Мен жастарға сенемін!» азаматтық-патриоттық бағыттағы
    поэзиялық шығармалар байқауы;
  4. «Sanaly urpaq»: ең үздік сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба
    ҚР Тәуелсізідігінің 30 жылдығына байланысты жаңа байқау
    бағыттары:
  5. «Тәуелсіздік және Жастар» суреттік өнер байқауы;
  6. «Қазақ тілі – татулық тілі» өзге ұлт өкілдері арасында көркемсөз
    оқу байқауы;
  7. «Туған табиғатты аялау – азаматтық міндет!» экологиялық жоба
    байқауы;
  8. «Дәрігер – ардақты мамандық!» бейнеролик байқауы;

БАЙҚАУДЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІНЕ ҚАТЫСУ ҮШІН: Байқау материалдарын ұйымдастыру алқасының mjs.farabi@gmail.com пошталық адресіне 2021 жылдың 10 қазанынан бастап 30 қазанына дейін өзінің жұмысын бейнежазбамен және де pdf форматында жіберуі тиіс;

*Бейнероликтің ұзақтығы (хронометраж): min – 1 мин. max – 3 мин.).
* Бейнежазбада (жоба туралы қысқаша ақпарат беріп, эссе талдап, өлең оқып, ән айтылады) жіберіледі.
*pdf форматында жіберілген жұмыстарда: ЖОО-ның ресми атауы, студент (тердің) аты-жөні, байқау, мамандық, байқау жұмысының атауы, пошталық адрес, телефондары, электронды адресі көрсетілуі қажет. Текст көлемі – 3-7 басылған парақ (Times New Roman, 14
шрифт, 1,5 интервал).

БАЙҚАУДЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША:
* Жіберілген видеожазбалардың яғни жұмыстардың үздіктері арнайы ашылған «Мен жастарға сенемін!» инстаграм парақшасында жарияланады. Қатысушылар парақшаға міндетті түрде тіркелуі қажет. Ең көп жиналған лайк пен қаралым бойынша көрермен
көзайымы анықталады.
* 2021 жылдың қараша айында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін байқаудың қорытынды кешіне жолдама алған студенттерге арнайы шақырту жіберіледі.
* Байқауға қатысушылардың жұмыстарын тәуелсіз әділқазылар қарастырады.
* GALA-форумда ең үздік байқау жұмыстары ұсынылады және байқаудың жүлдегерлері мен лауреаттары анықталады.
* Жүлдегерлер дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

ГАЛА-ФОРУМ 30 қараша 2021 жылы өтеді. БАСТЫ ЖҮЛДЕ – әлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 1 жыл ТЕГІН ОҚУ. 1,2,3 орын иегерлеріне бағалы сыйлықтар (ноутбук, планшет, ұялы телефон, айпад) беріледі.

ФОРУМДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
Форумды ұйымдастыруға және өткізуге негізгі шығындарды ұйымдастырушы көтереді. Форумға қатысушылар үшін жол жүру, тұру және тамақтануды жіберуші ұйымдар көтереді.

ФОРУМ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША АҚПАРАТ
ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» республикалық студент жастардың жобасы 2013 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Жыл сайын жобаға төрт мыңға жуық жастар қатысады. Айта кету керек форумға қатысушылардың белсенділігі жыл сайын артып келеді. Ел студенттерінің бұл мәдени іс-шараға қатысуға аса зор белсенділік білдіруі, жастар арасында осындай руханияттық алаңдардың сұранысқа ие және олардың өз таланттарын танытуына деген азаматтық жауапкершілігінің шын мәнінде жоғары екендігін көрсетеді. Себебін түсіну қиын емес. Бұл көрсеткіш – елін сүйген жалынды жастардың Отанымызға деген шексіз сүйіспеншілігі!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.