2024 жылғы 31 қазан күні ф.ғ.д., профессор М.И.Абдуов І. К-21-1 тобының студенттерімен Жансүгіровтің 130 жылдық мерекесіне орай “І. Жансүгіровтің поэзия мектебі” атты дөңгелек үстел өткізді..
Біз І. Жансүгіровті ұлт қайраткері, керемет ақын ретінде танимыз. Әр тұлғаның өзіне тән ерекшеліктері болатындығы белгілі. Ілиясқа тән айрықша сипат дәуір келбетін қазақи дәстүрге тән астарлы жолмен жеткізу. Оны біз ” Құлагер” поэмасынан байқаймыз. Біріншіден, поэма ұмытылмас үшін ас беру тәрізді ұлттық дәстүрді дәріптеуге, мазмұны мен маңызын түсіндіруге арналған. Екіншіден, түрлі себептерді қолдану арқылы ру арасындағы араздықтың тұтануын көрсете келіп, оның өзегі отарлау саясатында жатқандығын аңдатады.
Сонымен қатар, Ілиястың ауыз әдебиетін жинастырушы болғанын, әсіресе, өтірік өлеңдерді құрастырып шығарғанын, жинақты көрсете отырып талқыладық.
Студенттер де өз ойларын ортаға салды. Сөйтіп, Ілиястың ақындық әлемінен мол мәлімет алып, шығармаларынан үзінділері оқыды.