1 мамырда біздің еліміз Қазақстан халқының бірлігі мемлекеттік мерекесін атап өтеді.


Мереке 1996 жылы тойлана бастады. 1995 жылғы 18 қазанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды.


Ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтау Қазақстан саясатының басымдықтарының бірі болып табылады.


«Bolashaq» академиясы сіздерді # ASHYQQAZAQSTAN челленджіне қатысуға шақырады .


Әлеуметтік желілерде және «Bolashaq» академиясының сайтында #ASHYQQAZAQSTAN хештегімен әртүрлі ұлт, дін адамдарымен бірлескен фотосуреттерді жариялап, @academy_bolashaq деп белгілеңіз.



