2022 жылдың 13 қазанында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік Кірістер Департаментінде түлектерге арналған «Ашық есік күні» шарасы өтті. Аталған іс-шараға Қарағанды қаласының жоғарғы оқу орындарының «Құқықтану», «Экономика», «Қаржы», «Кеден ісі» білім беру бағдарламаларының түлектері, сонымен қатар «Bolashaq» академиясының «Құқықтану» білім беру бағдарламасының Ю-19-2 тобының студенттері де қатысты.
«Ашық есік күнінің» басты мақсаты – жастар арасында жалпы мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, оларды мемлекеттік қызметке тарту, Мемлекеттік Кірістер Департаментінің қоғамның дамуындағы маңыздылығын насихаттау, сондай-ақ маңызды аспектілерін түсіндіру болып табылады. Осы мақсатта іс-шара барысында Мемлекеттік Кірістер Департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметінің негізгі бағыты туралы толық ақпарат берілді және ЖОО түлектеріне қолданыстағы заңнама бойынша мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында түлектер Департамент басшылығымен, басқарма басшыларымен кездесіп департаментке қандай мамандар қажет екені туралы, жұмысқа тұру шарттары, кандидаттарға қойылатын талаптар туралы сұрақтар қойды. Бұндай іс-шара мемлекеттік қызметке кіру шарттары және талантты жастар үшін жасалған мүмкіндіктер туралы білуге мүмкіндік береді.