2024 жылғы 12 қазанда»Bolashaq» Академиясы «Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының аға оқытушысы А.Ы. Әлжановамен және «Dream Way» тіл курстарының мұғалімі Г.Е.Тыркесбаевамен бірлескен «Artificial Intelligence: benefit or Threat?” тақырыбындағы спикинг клаб өтті.


Қатысушылар жасанды интеллект қандай артықшылықтар әкелетіні туралы ой толғады, мысалы: процестерді автоматтандыру, оқытуға көмектесу, әртүрлі салаларда тиімділікті арттыру. Сондай-ақ және онымен байланысты тәуекелдер талқыланды: жұмыс орындарының жоғалуы, қауіпсіздік мәселелері, этикалық дилеммалар, халықтың деградациясы және болашақта технологияны бақылаудың жоғалуы. Кездесу соңында қатысушылар ЖИ-дің пайдасы немесе қоғамға ықтимал қауіптер сұраққа жауап беруге тырысты.


Спикинг клабқа «Bolashaq» Академиясының және Dream Way тіл мектебінің студенттері қатысты.