Қараша айында фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары “Villa Borghese” қонақ үйінің мәжіліс залында өткен “АГ және дислипидемия: қалай анықтау, емдеу және бақылау” тақырыбындағы конференцияға қатысты.

Конференцияны KRKA, tovarna zdravil, d.d.,novo mesto, Slovenia компаниясы ұйымдастырды.
И.М. Сеченов атындағы ММА ультрадыбыстық және функционалдық диагностикасының кардиология кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Акселрол Анна Алексеевна , Мәскеу қ. және “Қазақстан кардиологиялық қоғамы” РҚБ Астана филиалының директоры Сұңқарбекова Жанат Есімқызы, Астана қ., сөз сөйледі.


Артериялық гипертензия (AГ) ең көп таралған ауру болып саналады. жүрек-қан тамырлары ауруларының арасында АГ асқынуларынан болатын өлім-жітім өлімнің жалпы құрылымында миокард инфарктісімен қатар бірінші орында. Сондықтан өткізілген конференцияның өзектілігі күмән тудырмайды. АГ-ның ерте диагностикасы, сондай-ақ тиімді емдеу ерекше қызығушылық тудырады.

Конференцияда қысымның жоғарылауын аспаптық диагностикалау әдістері, бізде және батыста қабылданған әртүрлі жіктемелер, емдеу режимдері қарастырылды.
Алынған ақпарат фармакология, фармакотерапия, базистік фармакология, фармацевтикалық кеңес беру және қамқоршылық сияқты пәндерді, сондай-ақ жаңа буынның заманауи препараттарын оқытуда пайдаланылатын болады.

