“Bolashaq” академиясының “Руханият” ҒЗО -ның студент жастармен ғылыми-зерттеу және өлкетану жұмысы үшін З.Г.Рыбецкая танымал мүсінші және фотограф Н.О. Рыбецкийдің (1913-1975) өмірінің призмасы арқылы Қарағанды тарихы бейнеленген “Жарты аспанның күні” атты кітап-альбомын сыйға тартты.
Кітаптың тұсаукесері 2020 жылдың 12 қазанында Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында өтті. Осы бірегей басылымның (таралымы 40 дана) алғашқы авторы-құрастырушысы Қарағанды қаласының қоғам қайраткері Л.П. Андреюк.
“Бірнеше жыл бұрын мен В.Могильницкийдің “Карлагтың Ұлы тұтқындары” атты кітабын оқыдым, онда бір тарау мүсінші және фотосуретші Николай Онуфриевич Рыбецкийге арналады. Жесірінің тірі екенін біліп, онымен танысуға бел байладым”, – деп жазады Людмила Павловна.
Зинаида Гавриловна 1950-1960 жылдардағы Қарағанды бейнеленген фотосуреттерді, фотопленкаларды, белгілі ғалымдар, жазушылар, суретшілер, еңбек адамдары, Қарағанды Суретшілер Одағының өмірінен алынған эпизодтарды – жұбайының шығармашылық мұрасын мұқият сақтайды. Таңдалған фотосуреттер “Жарты аспанның күні” альбом-кітабына енді.
Николай Рыбецкий тек мүсінші ғана емес, сонымен қатар Қарағандының фотосуретшісі болып саналады. Оның тағдыры оңай болған жоқ: ол Украинада дүниеге келді, сол жерде оқыды және талантты фотограф болды, оны “Комсомольская правда” газеті тілші ретінде жұмысқа алды. Ол “Крокодил” журналының редакциясында жұмыс істеді, сол жерден майданға кетті, Ұлы Отан соғысының бірінші жылында жарақат алып, тұтқынға түсті. Тұтқында ол поляк мүсіншісімен кездесті – ол оны жұмысқа қабылдады және әскери тұтқын екендігіне қарамастан мүсін өнеріне үйретті. Тұтқындаудан оралғанда, Рыбецкий өзінің Сталинге жасаған карикатураларының бірі үшін Норильск лагеріне түсті – ол түрме театрында суретші болып жұмыс істеді, әйгілі театр және кино актерлері Георгий Жженов пен Иннокентий Смоктуновскиймен бірге жұмыс істеді. Мерзімін өтегеннен кейін оның баруына болатын үш қаланы таңдауы қажет болды. Ол ең көп күн түсетін жер қайда екенін сұрағанда, оған адамдар “аспанның жарты күні Қарағандыға түседі” деп жауап берді және болашақ өмірі үшін таңдау жасалынды. Міне осы тадау ” Николай Рыбецкий. “Жарты аспанның күні” еңбегіне негізделді.
Басылымда Николай Рыбацкийдің өмірі мен қызметі, ескі Қарағанды туралы баяндайтын бірнеше бөлім бар. Кітапта шебердің мұражайы мен мемориалдық көрмесіне арналған бөлім орын алады.
Николай Рыбацкий монументалды насихат жоспарын жүзеге асырды: жұмысшылар, колхозшылар мен малшылардың мүсіндерін суреттеді, бұл өте қажет болып табылатын еді.. Алайда, оның көптеген шығармалары біздің уақытқа дейін сақталмады, өйткені олар гипстен жасалған болатын. Қарағанды тарихында ол ең алдымен теміржол вокзалын безендіру тұрғысында үлкен із қалдырды. Қарағанды вокзалындағы балеринаның әйгілі мүсіні – ол кітаптың мұқабасына қойылған – бұл Николай Рыбецкийдің жұмысы. Ол Кеншілердің мәдениет сарайын безендіруге қатысты.
Мүсінші, фотограф, Николай Онуфриевич Рыбецкийдің қарағандылықтар туралы кітап – альбомы – бұл біздің туған қаламыздың өткеніне ашылатын есік іспетті. Кітаппен танысудың бір сәтінде сіз авторлықтың тек кітап құрастырушысын ғана емес, сонымен бірге суретшіні жетелеп отырған Уақыт әмірін де сезінесіз”, – дейді суретші, өлкетанушы және альбом кітабын құрастырушы Юрий Забара.
НИЦ «Руханият»