Академияның Ғылыми-техникалық кеңесінің қорытынды отырысы

2020 жылғы 12 маусымда сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін ҒТК қорытынды отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде бірнеше мәселелер талқыланды.

ПОҚ ғылыми басылымдары мен монографияларын, кафедралардың ұжымдық монографияларын талқылау және оларды басып шығару ұсынылды.

Барлық кафедралардың оқытушылары мен студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау қорытындылары, сондай-ақ 2019-2020 оқу жылындағы барлық ғылыми студенттік үйірмелердің қызметі туралы есептер тыңдалды. Осы мәселе бойынша ҒЗЖ, СҒЗЖ және сегіз кафедраның ғылыми үйірмелеріне барлық жауапты тұлғалар сөз сөйледі:

ЖБП – Косманова А.Б., Шащанова М.Б.,
Қазақ тілі мен, әдебиеті – Абдрахманов Р., Ермекбай А.,
ДиНО – Бокижанова Г.К.,
ПиП – Шутенова С.С.,
ҚП – Окашев Р.Д., Жумжумаев Н.С.,
Шет тілдері мен МК – Марышкина Т.В., Калижанова А.Н.,
Қаржы – Дарибекова А.С., Пименов А.В.,
Фармация – Тнимова Г.Т.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.