2022 жылдың 8 сәуірінде психология, педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының орыс бөлімінің эдвайзерлері Шутенова Сабира Сартаевна мен Тажинин Азат Мырзабекович ПиП және ПМНО білім беру бағдарламасының студенттерімен ақын, публицист, ғалым Ахмет Байтұрсыновқа арналған ашық кураторлық сағат өткізді.
Ашық кураторлық сағаттың мақсаты: студенттерді ұлы ағартушы, ғалым, лингвист, қазақ халқының ұлы Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянымен таныстыру, патриоттық сезімге, өз Отаны үшін мақтанышқа тәрбиелеу.
Ашық кураторлық сағат барысында ұлы ағартушының өмірбаяны баяндалып, Ахмет Байтұрсыновтың қазақ халқының мәдениетін дамытуға қосқан үлесі, жұмыстағы негізгі бағыттары туралы бейнематериал көрсетілді.