24 тамыз күні Астана қаласында Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен еліміздің экономикалык өсуінің негізі ретіндегі адами капиталды дамытуға арналған жоғары білім және ғылыми форумы өтті.
Форумға “Bolashaq” Академиясы тарапынан Академия ректоры Г.М.Рысмагамбетова, Академиялық мәселелер жөніндегі проректор С.Б.Бекжанова, ӘТЖ жөніндегі проректор Р.Н.Исмаилова және “Педагогика” кафедрасының аға оқытушысы Г.Т.Таликова қатысты.
Аталған форумға жоғары білім және ғылым саласынын кызметкерлері, ЖО0 ректорлары және ҒЗИ-өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, жас ғалымдар мен студенттер, шетелдік және отандық сарапшылар қатысты.
Форумның пленарлық отырысына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов және Премьер- Министр орынбасары Тамара Дүйсенова қатысып, баяндама барысында ғылым мен жоғары білімнің даму мәселелері туралы, жоғары білім мен ғылымның елдің инновациялық дамуындағы маңыздылығына өкіметіміз аса назар аударып жатқанына тоқталды.
IT University жоғары білім және ғылым форумы аясында жоғары оқу орындарының білім алушы жастарын әлеуметтендіру векторлары бойынша “Жоғары оқу орындарының білім алушы жастарын әлеуметтендіру векторлары” панельдік сессиясы сәтті өтті. Сессияның модераторы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Абылайхан Ақерке болды.
Панельдік сессияда студенттік спортты дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты әзірлеу, білім алушылардың интегралды әлеуметтік GPA оқу процесіне енгізу, студенттер кеңесінің жұмысы, жастардың деструктивті мінез-құлқының алдын алу мәселелері талқыланды. Панельдік сессия қорытындысы бойынша қатысушылар өзара үздік тәжірибелерімен алмасты.
Форум өз мәресіне жетіп, жоғары білім және ғылымды дамытуда негізгі міндеттерді шешу, жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда берері мол, пайдасы зор іс шараға айналды.