ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы-Көшбасшы Н.Ә. Назарбевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында п.ғ.д., профессор Жолдасбекова А.А., п.ғ.к., профессор Данияров Т.Ә., ф.ғ.к., профессор Сембиев Қ.З. ағылшын тілінде жазылған «ACTUAL PROBLEMS IN MODERN PEDAGOGICAL» атты оқу құралының мақсаты магистранттарға қазіргі заманғы педагогиканың жағдайы, өзекті мәселелері мен перспективалары туралы түсінік қалыптастыру.
Нәтижесінде, ұйымдастыру, басқару икемі артып, қақтығыс жағдайларды шеше біледі, қоғам және кәсіби ортадағы қарым-қатынастарда келісімдер жүргізіп, өз жұмыстарын жетік ұйымдастыра алады. Білімнің белгілі бір саласындағы ғылыми мектептер мен олардағы теориялық және іс-тәжірибелік жаңалықтарды іс-тәжірибеде жүзеге асырады.
Міндеттері:
– қазіргі заманның педагогикасының өзекті мәселелерін теориялық тұрғыдан түсіндіру;
– педагогикалық ойлауды дамыту;
– нақты педагогикалық ситуацияларды, педагогикалық ғылым мен практиканың даму тенденцияларын талдауға үйрету;
– кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру.
Білім беру бағдарламалары құрылымындағы пәннің орны және қысқаша мазмұны: білімін және дағдыларын арнайы шеңберлі мамандықта, ғылыми педагогикалық қызметінде қолданады және өзінің кәсіби еңбегінің нәтижелері үшін жауапкершілігі қалыптасады; ғылыми зерттеулерді жоспарлап жүргізеді, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан қарастырып статистикалық сараптаудан өткізеді, жарияланымдардың ережелерін біледі; педагогикалық және әдістемелік білімдерінің құрылымын және кәсіби қызметте теоретикалық білімдердің шеберліктері мен дағдыларын иемденеді.