2024 жылғы 20 қыркүйекте “Bolashaq” Академиясында “Bolashaq” Академиясы ұжымының, құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сергей Михайлович Ершов, А. Сағынов атындағы ҚарТУ проректоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, э.ғ.к. Қалықов Абай Қобландыұлы, т.ғ.д., А. Сағынов атындағы ҚарТУ профессоры Пак Юрий Николаевич кіретін, 2024 жылғы 6 қазанда референдум өткізу мәселелері бойынша ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру барысындағы кездесу өтті.
Кездесу барысында АЭС құрылысының артықшылықтары мен тәуекелдері, атом энергетикасының қазіргі дамуы (халықаралық тәжірибе), Қазақстанның энергетикалық секторының жай-күйі (жаңартылатын энергия көздеріне тәуелділік, олардың тұрақсыздығы, жұмыс істеп тұрған станциялардың тозуының жоғары деңгейі, халықаралық экологиялық шектеулер, энергия тұтынудың жыл сайынғы өсуі жағдайында елдің энергетикалық тәуелділігі) атап өтілді.
Талқылау барысында академия студенттері мен оқытушылары энергетикалық кешенді трансформациялау, атом станциясын пайдалану қауіпсіздігі, төмен көміртекті экономиканың қазақстандықтардың әл-ауқатына әсері және т.б., соның ішінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мәселелер туралы белсенді сұрақтар қойды.