1930 жылы 13 мамырда КСРО ХКК қаулысымен Қарлаг құрылды.
Округ аумағында оған 110 мың гектар жер бөлінді, Қарағанды лагерін басқару Қарағандыдан 45 км қашықтықта Долинка ауылында болды.
Қарлаг ашылған кезде оған 47 ұлттың 2567 тұтқыны орналастырылды.
1933 жылы лагерьде 20262 адам болды.
Қарлаг жұмыс істеген уақыт ішінде оған 1 млн-ға жуық адам келді.
Қарлагтан басқа Қазақстан аумағында Степной, Песчаный, Луговой, Дальний және басқа да лагерьлер болды.