2024 жылғы 6 мамырда “Педагогика” кафедрасының эдвайзері А.М. Тәжинин “9 мамыр – Жеңіс күні”тақырыбында орыс бөлімшесінің “Педагогика және Психология” білім беру бағдарламасының студенттерімен ашық кураторлық сағат өткізді
Кураторлық сағаттың мақсаты: патриотизмге, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына құрметпен қарауға тәрбиелеу, соғыстың адамзат үшін қауіптілігі туралы нақты түсінік қалыптастыру.
Кураторлық сағат барысында студенттермен Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ерлігі туралы, оларды есте сақтаудың маңыздылығы туралы, майданда жанқиярлықпен соғысқан қазақстандықтар туралы, олардың арасында Бауыржан Момышұлы мен Мәлік Ғабдуллин туралы әңгіме жүргізілді.