28 қыркүйекте «Bolashaq» Академиясында 1-қазан «Қарттар күні» мерекесіне орай құттықтау кеші ұйымдастырылды. Жыл сайынғы дәстүр бойынша өткізілетін іс шарада Академия ректоры – Рысмагамбетова Гульнара Мусиевна білім ордасында көп жылдар еңбек етіп жүрген аға буын еңбек ардагерлерін салтанатты түрде құттықтады. Тәлімгерлік сипаттары өнеге болып жүрген ұстаздарға мол тілектер жаудырып, ақшалай сый – сыяпат көрсетті. Академия әкімшілігі ақылдың кенін арқалаған ардагерлерімізге қайрымдылық пен даналық іспетті жарқын мерекелері үшін ыстық ықылас-тілектер жаудырып концерттік бағдарлама әзірледі.


Ал өз кезегінде профессор М.Х.Хамзин Академия әкімшілігі мен ұжымына рахметін айтып, ректор Г.М. Рысмагамбетоваға қоғамдық -әлеуметтік салада белсенділік танытқаны үшін Қарағанды облысы Ардагерлер кеңесінің Алғыс хатын табыстады.
Салтанатты құттықтаудан соң іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.





Бізде қонақта – 30 жылдық тарихы бар Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестінің жанындағы фольклорлы хореографиялық «Аққу» би асамблі өнерлерін көрсетті. Мың бұралған бишілер «Сылқылдақ», «Аққу қыздар», Ұйғыр биі «Джамиля», «Буын» билерімен мерекенің мерейін асырды.



Ансамбль жетекшісі: Назгуль Авилхан.
«Bolashaq» Академиясында еңбектері мен ғылыми жетістіктері және ұстаздық болмысымен танымал жандар жетерлік. Әлі де студент қауымы мен жас оқытушы-мамандарға үлгі-өнеге көрсетуде.

Сандаған жылдар ұрпақ тәрбиелеу жолында ерінбей еңбек еткен қарияларымызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз.