2023 жылғы 17 мамырда академияның ҒТК кезекті отырысы (№6) өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

«Қазіргі әлемдегі ғылым және білім» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізудің қорытындылары туралы» ҒТК төрағасының орынбасары з.ғ. к. Е.Е.. Серімов баяндама жасады.
Содан кейін 2022-2023 оқу жылындағы ҒЗЖ және СҒЗЖ бойынша жауапты кафедралардың ҒЗЖ және СҒЗЖ-ның орындалуы және ғылыми студенттік үйірмелердің қорытындылары туралы тыңдалды.

Д.А. Абдакимованың «Халықаралық зияткерлік меншік құқығының көздері» тақырыбындағы монографиялары, А.Е. Жартыбаевтың «Қарқаралы өңірі топонимикасы», сондай – ақ Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының «Қазақ-Алтай филологиясы» ұжымдық монографиясы және олардың ашық баспасөзде жариялауға ұсыныстары талқыланды.
