Құрметті әріптестер!
Сіздерді Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз “Халықтың психикалық денсаулығы мемлекеттің тұрақты дамуының шарты ретінде” 9-10 сәуір 2020 ж. Қостанай қ. (Қазақстан).
Ұйымдастырушылар:
– “Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Психикалық денсаулық орталығы” ММ (Қазақстан);
– А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің психология кафедрасы (Қазақстан);
Серіктестер:
– “Республикалық медицина институты” ЖШС Нұр-Сұлтан қ. (Қазақстан).
– Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің психология факультеті (Челябинск қ., Ресей).
– Орынбор мемлекеттік медицина университеті (Орынбор қ. Ресей).
Жұмыс тілдері: ағылшын, қазақ, орыс.
Конференцияны өткізу орны: А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті (Қостанай қ., А. Байтұрсынов көшесі, 47), Қостанай облыстық ауруханасы (Қостанай қ., 1 Май көшесі, 151).
Конференцияға қатысу формасы:
- пленарлық отырыста баяндамамен қатысу (20 минут), секциялық – (10 минут)) ;
- мастер-кластар, тренингтер, дискуссиялық алаңдар, көпшілік лекциялар өткізу;
- конференцияға сырттай қатысу (мақала жариялаумен).
Қатысуға шақырылады; ғылыми қызметкерлер, психиатр-дәрігерлер, психологтар, психикалық денсаулық орталықтарының қызметкерлері, ЖОО, колледж, мектеп оқытушылары, докторанттар, аспиранттар, магистранттар.