2020 жылғы 17
сәуірде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Экономика
факультеті, «Мемлекеттік аудит» кафедрасы «G-Global» ақпараттық-коммуникативтік
алаңында «Цифрлық экономиканы дамытудағы жаңа қаржылық модель» тақырыбында
онлайн-конференция өткізеді.
Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен
студенттер, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен бизнес
құрылымдардың өкілдері шақырылады.
Конференцияға қатысу үшін 2020 жылғы 5 сәуірге дейін конференцияның ұйымдастыру комитетіне konfrans.enu@bk.ru жіберу керек:
– қосымшада берілген нысанда Қатысушының сауалнамасын;
– төмендегі талаптарға сәйкес жазылған мақаланы.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- Ғылыми және қолданбалы маңызы бар, көрсетілген бағыттарға сәйкес және бұрын еш жерде жарияланбаған жұмыстар қабылданады.
- Мақала көлемі 8 бетке дейін А4 форматында.
- Мәтін MS Word бағдарламасында компьютерде терілуі тиіс, шрифт Times New Roman, кегль – 14, 1 интервалдан кейін, абзацтық шегініс 1,25 см, жиектер шекаралары: барлық жағынан 2 см; мәтін – ені бойынша, буынға бөлуге, беттерді нөмірлеуге болмайды.
- Мақала мәтіні тексерілген және қателері болмауы тиіс. Авторлық редакцияда басылады. Бір автор екіден көп емес жұмысты (сонымен қатар бірлескен авторлықта) жариялай алады.
- Мақаланың атауы бас әріптермен, қалың шрифтпен, ортасында, нүктесіз басылады.
- Мақаланың атауынан кейін төменіректе ортасынан қалың курсивпен бір интервалдан кейін кіші әріптермен автордың тегі мен аты-жөні жазылады.
- Төменде ұйымның толық атауы, қаласы, мемлекеті, e-mail.
- Одан әрі 2 интервал шегіністен кейін мәтін жазылады.
- Әдебиетке сілтемелер мәтінде сөйлемнің соңында шаршы жақшада орналастырылады .
- Әдебиет жалпы тізім түрінде рәсімделуі тиіс. Әдебиеттің нөмірленуі – тура ретпен.
Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін немесе 2020 жылдың 5 сәуірінен кейін алынған, көрсетілген талаптарды бұза отырып рәсімделген мақалаларды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.
Мақала құрылымы:
- мақаланың атауы;
- авторлар туралы мәліметтер;
- қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат, мазмұн және аударма сапасы талаптарына жауап беретін аннотациялар (100-150 сөз);
- кілт сөздер (10 сөзден артық емес);
- мақала мәтіні;
- әдебиеттер тізімі.
Конференция қорытындысы бойынша электронды материалдар жинағы жасалып, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ сайтында, сондай-ақ “G-global” коммуникативтік алаңында жарияланады.
Жинаққа тиісті кітапханалық индекстер ББК және халықаралық стандартты кітап нөмірі (ISBN) беріледі.
Ұйымдастыру жарнасы талап етілмейді.
Байланыс телефоны: 7 (7172) 709-500 /ішкі: 32-411. Жауапты: Сембиева Ләззат Мықтыбекқызы, ұялы тел: +7701-333-80-28, Мұхтархан Асет +77776211182