Абу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Заманауи қазақстандық контекстегі әл-Фараби» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Абу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Заманауи қазақстандық контекстегі әл-Фараби» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.

          Конференцияның ғылыми бағыттары:

Секция 1. Әл-Фараби мұрасы тарих пен уақыт кеңістігінде

Секция 2. Әл-Фараби рухани мұрасының қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі

Секция 3. Әл-Фараби мұраларының лингво-поэтикалық ерекшеліктері.

Секция 4. Жаратылыстану-ғылыми ойларды қалыптастырудағы Əл-Фарабидің мұрасы

Конференцияны өткізу 2020 жылдың 24 сәуірінде жоспарлануда.

Конференция бағдарламасына пленарлық (ұйымдастыру комитетінің шақыруы бойынша) және ауызша баяндамалар енгізіледі.

КОНФЕРЕНЦИЯДАҒЫ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ТІЛДЕРІ: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСУ ФОРМАСЫ: келіп қатысу және сырттай.

БАЯНДАМА ЖАРИЯЛАУ ШАРТТАРЫ: Конференция жұмысына қатысу үшін өтініш пен мақаланы kargu_konf_farabi@mail.ru электронды поштасына толтырып жіберу керек. Материалдарды қабылдау мерзімі 2020 жылдың 20 наурызына дейін.

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ МАТЕРИАЛДАР: Мақала, қатысушының – өтініш анкетасы (автор туралы мәлімет). Форма әр авторға және әр бірлескен авторға толтырылады. Барлық құжат электронды түрде қабылданады. Өтініш-анкета формасы тіркелген.

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ:

• 3-5 бет, Times New Roman, KZ Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі – 14 пт, жоларалық қашықтық – 1, сол жағы – 3 см, оң жағы – 2 см, жоғары жағы – 2,5 см, төменгі жағы – 2,5 см, жаңа жол бойынша шегініс – 1 см);

• Бірінші жолда бас әріптермен мақаланың жазылған тілінде баяндама тақырыбы (қою қаріппен), мақаланың жазылған тілінде автордың аты-жөні және тегі, лауазымы, ғылыми дәрежесі, екі жолдан кейін мақала мәтіні беріледі.

• Формулалар Microsoft Equation формула редакторы мәтінінде орындалып, суреттер (ақ-қара), JPEG, JPG 300 dpi кем емес форматта сканерленген болуы тиіс.

• Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Сілтемені қолданған жағдайда дереккөз бетін көрсету қажет. Мысалы: [1, 12 б.].

Мақалаларды жинау ұйымдастырушылар тарапынан жүзеге асырылады. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті конференцияға келіп түскен конференция тақырыбы мен талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқылы.

Іссапар шығындарын конференцияға қатысушылардың өздері көтереді.

ТІРКЕЛУ ЖАРНАСЫ:

Қазақстан Республикасының қатысушылары үшін конференцияға тіркелу жарнасы 3000 (үш мың) теңге, шет елдерден және ТМД-дан қатысушылар үшін – тегін. 2020 жылдың 20 наурызына дейін төленеді. Tipкеу жарнасы құнына: конференция жұмысына және ic-шараларға қатысу, барлық отырыстарға қатысу, электронды түрдегі конференция материалдарын шығару кіреді.

Төлем тапсырмасының көшірмесі Ұйымдастыру комитетінің kargu_konf_farabi@mail.ru.

электронды поштасына жіберілді.

ТӨЛЕМ РЕКВИЗИТТЕРІ;

• ТЕҢГЕМЕН

Tipкey жарнасын төлеу академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің банк шотына аударылады: ҚР БжҒМ ШЖҚ РМК «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті», ЖСК KZ796010191000077867, БСК HSBKKZKX, БСН 990540002444, КБЕ 16, «Қазақстан Халық банкі» АҚ. 100024, Қазақстан Республикасы, қ. Қарағанды, Университет көшесі, 28.

Төленген түбіртекке төлемнің мақсатын көрсету қажет «Конференцияға қатысуға «Конф аль-Фараби 2020» Қатысушының аты-жөні.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ӨТКІЗІЛУ ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ

Байланыс телефондары:

– 8(7212) 35-64-93 Қасымов Серік Сагимбекович, Садыкова Айнур Ермековна kargu_konf_farabi@mail.ru.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.