Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы және Қазақстан: тарихи жадының мәселелері» халықаралық қатысуымен өтетін республикалық ғылыми-практикалық конференция

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы және Қазақстан: тарихи жадының мәселелері» халықаралық қатысуымен өтетін республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференция 2020 жылдың 24 сәуірінде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетінде өтеді.
Конференция барысында келесі тақырыптарды талқылау жоспарлануда:

  1. Ұлы Отан соғысы және Қазақстан (1941-1945 жж.): тарихнама және деректану
    мәселелері.
  2. Қазақстанның Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ұрыс қимылдарына қатысуы.
  3. Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жеңіске қосқан үлесі.
  4. Ұлы Отан соғысы жылдарында халықты және өнеркәсіп кәсіпорындарын майдан маңы
    өңірлерден тылға эвакуациялау мәселелері.
  5. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мәдениет пен халық ағарту ісінің дамуы.
  6. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы КСРО-ның негізгі діни конфессиялары.
  7. Соғыс жағдайындағы халықтың күнделікті өмірі мен қоғамдық көңіл-күйі.
  8. Ұлы Отан соғысы халықтың тарихи жадында.
  9. Әйелдердің әскери күнделікті өмірі: майдан мен тыл.
  10. Мектепте, колледждерде және ЖОО-да тарихты оқытудағы Екінші дүниежүзілік
    соғыс және Ұлы Отан соғысының мәселелері.
    Қатысушылар:
    Тарихшылар, философтар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, өлкетанушылар,
    мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары, архив қызметі мамандары, музейтанушылар,
    студенттер, магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар.
    Қатысушылар үшін ақпарат. Ұйымдастыру комитеті авторларды 2020 жылдың 1
    сәуіріне дейін баяндама материалдарын электронды түрде тапсыруды сұрайды. Конференция
    қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинағы конференцияның басталуы
    қарсаңында электронды форматта (PDF) шығарылады. Конференция материалдары
    электрондық почта арқылы жіберіледі. Авторлар үшін мақалаларды жариялау тегін.
    Баяндамалардың мазмұны конференция тақырыбына сәйкес болуы тиіс.
    Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
    konf_karaganda2020@mail.ru электронд

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.