20. 10. 2022 жылы “Bolashaq” академиясы, фармацевтикалық пәндер кафедрасы: “Маусымдық ЖРВИ. Олардың алдын алу мен емдеудің заманауи әдістері” тақырыбында конференция өткізді.
Конференцияның мақсаты: емдеу тактикасын дұрыс таңдау және маусымдық вирустық инфекциялар кезінде қандай вирусқа қарсы препараттар мен иммуномодуляторлармен емделуге болады.
Конференцияға “Bolashaq” академиясының қызметкерлері, 1-5 курс студенттері, фармацевтикалық компаниялардың медициналық өкілдері, сондай-ақ медицина академиясының оқытушылары қатысты.
Конференцияны фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Д. К. Пахомова ашты. Бірінші баяндама ” Балалар мен ересектердегі тұмау және ЖРВИ. Вирусқа қарсы терапияның асқынуларды емдеудегі және алдын алудағы маңызы” тақырыбында өтті.Баяндаманы м.ғ.д., Қарағанды медицина академиясының жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры, Ресей Жаратылыстану Академиясының академигі Р. Х. Бегайдарова ұсынды.
“Тұмау мен ЖРВИ алдын алу және емдеу” тақырыбы бойынша екінші баяндаманы Лекфарм компаниясының аға медициналық өкілі Б.Х. Оспанов, “Тыныс алу ауруларының кешенді терапиясындағы инновациялар” тақырыбы бойынша үшінші баяндаманы Алматы қаласынан “Медсервис плюс” Қазақ фармацевтикалық компаниясы ЖШС-нің өнім менеджері ұсынды.
Барлық тақырыптар бойынша көптеген сұрақтар қойылды. Белсенді талқылау болды.
Конференция соңында м.ғ.д., кафедра профессоры Г. Т. Тнимова сөз сөйлеп,” Bolashaq” академиясының ректоры Г. М. Рысмағамбетованың атынан алғыс хаттар мен гүлдер табыс етілді.