Заманының заңғар жазушысы – Мұхтар Әуезов

2022 жылы 14 желтоқсанда «Bolashaq» академиясы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы, студенттердің «Jauhar» ғылыми үйірмесі мен Қарағанды қаласының Мұхтар Әуезов атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен М.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай ЖОО оқытушылары, мектеп мұғалімдері, кітапхана қызметкерлері және магистранттар мен студенттерге арналған «Заманының заңғар жазушысы –  Мұхтар Әуезов» атты республикалық конференция өткізілді.

Конферецияға Е.А.Бөкетов атындағы  Қарағанды университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті  Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі оқытушылары мен студенттері, Қарағанды қаласы, Шахтинск қаласы, Бұқар жырау ауданы., Қарқаралы ауданы, Шет ауданы мектептерінің мүғалімдері мақалаларын қатысты.

Заманының заңғар жазушысы –  Мұхтар Әуезов қайталанбас орны бар, туған әдебиетімізде тұтас бір дәуірді бейнелейтін кесек бітімді дарын иесі екендігі және әдебиет тарихындағы қайталанбас тұлға ретіндегі орнын жаңа көзқарас тұрғысынан тұжырымдау мақсатында жоғары оқу орны бағдарламасына «Мұхтартану» курсын таңдау компонентіне енгізу ұсынылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.