Жыл сайынғы іс-шара аясында 19 қараша күні Қарағанды облысының 11 сынып оқушылары арасында «Bolashaq» Академиясында облыстық «Болашақ педагог» байқауы өтті. Ұйымдастырушылар Педагогика кафедрасы және «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы болды. Байқаудың мақсаты мұғалімдік талантты анықтау, сыни ойлауды дамыту, мұғалімдік мамандықтың беделін арттыру және талантты жастарды қолдау […]
Тәрбие
«Bolashaq» Академиясында Халықаралық студенттер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Студенттер ректор, проректор, кафедра меңгерушілері мен бөлім басшыларының рөлін орындап, басқару үдерісін тәжірибе жүзінде сезініп көрді. Өзін-өзі басқару күні олардың көшбасшылық қабілетін дамытып, академиялық менеджменттің жауапкершілігін терең түсінуге мүмкіндік берді. Іс-шара концерттік бағдарламамен және Академия ректоры атынан республикалық «Stud Fest – […]
2025 жылдың 10 қарашасында «Bоlashaq» Академиясында Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу (МБҰ) білім беру бағдарламасы бойынша Академиялық комитеттің жоспарлы отырысы өтті. Отырысқа барлық комиссия мүшелері, сонымен қатар жұмыс берушілер өкілдері мен студенттер қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе білім беру бағдарламасындағы оқу пәндерін жаңарту және толықтыру бойынша жұмыс берушілердің ұсыныстарын […]
2025 жылғы 30 қазанында Фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Темиреева Н.Б. Фм-23-2 топ студенттерімен «Нашақорлық токсикомания» атты кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағатқа Темиреева К.С қатысты. Кураторлық сағаттың негізгі мақсаты: 1. Нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің […]
2025 жылдың күзінде «Bolashaq» Академиясында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын, жыл сайынғы маңызды шаралардың бірі — бірінші курс студенттерін ресми түрде студенттер қатарына қабылдау кеші жоғары деңгейде өтті. Бұл ерекше іс-шара білім ордасының табалдырығын алғаш рет аттаған жастар үшін ғана емес, бүкіл Академия ұжымы үшін де толқу мен қуанышқа толы сәт болды. […]
2025 жылдың 10 қазанында академия дәрігері С.Г. Куур, «Болашақ» Республикасы мен «Мейірім» волонтерлық ұйымымен бірлесе отырып, 1-4 курс студенттерімен кездесіп, аскорбин қышқылы дәруменін тегін таратты. Кездесу барысында дәрігер барлық аудиторияларды жеке аралап, басқа қаладан келген студенттерді Қарағанды қаласының емханаларына тіркеу рәсімінің маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар, туберкулезге қарсы флюрографиялық тексерістен өту […]
2025 жылғы 25 қыркүйекте Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде «Жасыл университет» экологиялық жобалар байқауы өтті. Байқауға «Bolashaq» Академиясының педагогика кафедрасының 1 және 2 курс студенттері, атап айтқанда, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының ПМНО-24-1, ПМНО-25-1 топтары және «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының ПиП-25-1 тобы қатысты. Бұл байқауда біздің студенттер […]
“Өзіңді таны” психологиялық клубының жетекшілері М.Б.Коржумбаева, С.К.Мекадилова “Мен және менің көңіл-күйім мен өзімді сезінуім” тақырыбында студенттер арасында тренинг өткізді. Тренинг мақсаты:Өмірде өз көңіл-күйімізді түсіну және сезіну қабілеті – адамға ішкі үйлесімділік пен сенімділік береді. Бұл тренинг студенттерге өз сезімдерін тануға, эмоцияларын бақылауға және өзімен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.Тренинг барысында ПМНО-23-2 […]
2025 жылғы 19-21 қыркүйек аралығында Қарқаралы ауданындағы «Барыс» спорттық-сауықтыру кешенінде Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің көшпелі активі өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту, студенттік өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру, белсенділер арасындағы тәжірибе алмасу және жаңа идеяларды қалыптастыру болды. Бағдарлама аясында тренингтер, мастер-класстар, пікірталас алаңдары […]
2025 жылдың 23 қыркүйегінде «Bolashaq» Aкадемияcында Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен студенттерге арналған экологиялық тренинг өткізілді. Іс-шараның мақсаты — жас ұрпақты экологиялық саналы өмір салтына баулу, табиғатты қорғау және тұрақты даму қағидаттары бойынша практикалық білім беру болды. Тренинг бағдарламасы бірнеше блоктан тұрды. Алғаш рет экология […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты 2025 жылғы Жолдауы аясында “Bolashaq” Академиясының профессор-оқытушылар құрамы және студенттерімен өткен кездесуде Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Жұмағұлов Айтбай Ботпайұлы Президент белгілеген басым бағыттарды жан-жақты талқылап, оның қоғам мен мемлекет үшін стратегиялық маңызын […]
“Білім күні” — студенттер, оқытушылар және Академия қонақтары үшін ерекше күн. Мереке ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен басталды. Бұл — ұрпаққа өнеге болып қалатын тағзым сәті. «Bolashaq» Академиясының ректоры Қуанышбек Бұланұлы Аданов жиналғандарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім, ғылым мен еңбектің болашақтың берік іргетасы […]
«Bolashaq» Академиясы аймағымыздың үздік жоғары оқу орындарының бірі ретінде BALQASH ÓŃIRI газетінде жарияланды. Академия білім мен ғылым саласында 30 жылдан бері бәсекеге қабілетті білікті мамандар дайындап келеді. Академияда білім беру сапасын арттыруға бағытталған барлық негізгі талаптар толық қамтамасыз етілген. Оқу бағдарламалары халықаралық аккредитациядан өтіп, әлемдік стандарттарға сәйкестігі ресми түрде танылған. […]
2025 жылдың 22 мамыр күні «Педагогика» кафедрасының эдвайзерлері мен аға оқытушылары С.С. Шутенова және А.Б. Қосманованың ұйымдастыруымен «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», сондай-ақ «Педагогика және психология» білім беру бағдарламаларының студенттерімен бірге «Біздің жыл: кадр сыртындағы шындық» атты кураторлық сағат өткізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты – бір жыл ішінде студенттердің бастан […]
«Bolashaq» Академиясы – білім беру кеңістігінде өзіндік орны бар, заманауи талаптарға сай дамып келе жатқан жетекші оқу орны. Бұл туралы «Қарқаралы» газетінде жарық көрген мақалада кеңінен баяндалып, Академияның аймақтың үздік жоғары оқу орындарының біріне айналғаны атап өтілді. Академия жыл сайын оқу сапасы, түлектердің жұмысқа орналасуы, ғылыми-зерттеу қызметі және халықаралық байланыстар […]