2025 жылдың күзінде «Bolashaq» Академиясында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын, жыл сайынғы маңызды шаралардың бірі — бірінші курс студенттерін ресми түрде студенттер қатарына қабылдау кеші жоғары деңгейде өтті. Бұл ерекше іс-шара білім ордасының табалдырығын алғаш рет аттаған жастар үшін ғана емес, бүкіл Академия ұжымы үшін де толқу мен қуанышқа толы сәт болды. […]
Тәрбие
2025 жылдың 10 қазанында академия дәрігері С.Г. Куур, «Болашақ» Республикасы мен «Мейірім» волонтерлық ұйымымен бірлесе отырып, 1-4 курс студенттерімен кездесіп, аскорбин қышқылы дәруменін тегін таратты. Кездесу барысында дәрігер барлық аудиторияларды жеке аралап, басқа қаладан келген студенттерді Қарағанды қаласының емханаларына тіркеу рәсімінің маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар, туберкулезге қарсы флюрографиялық тексерістен өту […]
2025 жылғы 25 қыркүйекте Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде «Жасыл университет» экологиялық жобалар байқауы өтті. Байқауға «Bolashaq» Академиясының педагогика кафедрасының 1 және 2 курс студенттері, атап айтқанда, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының ПМНО-24-1, ПМНО-25-1 топтары және «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының ПиП-25-1 тобы қатысты. Бұл байқауда біздің студенттер […]
“Өзіңді таны” психологиялық клубының жетекшілері М.Б.Коржумбаева, С.К.Мекадилова “Мен және менің көңіл-күйім мен өзімді сезінуім” тақырыбында студенттер арасында тренинг өткізді. Тренинг мақсаты:Өмірде өз көңіл-күйімізді түсіну және сезіну қабілеті – адамға ішкі үйлесімділік пен сенімділік береді. Бұл тренинг студенттерге өз сезімдерін тануға, эмоцияларын бақылауға және өзімен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.Тренинг барысында ПМНО-23-2 […]
2025 жылғы 19-21 қыркүйек аралығында Қарқаралы ауданындағы «Барыс» спорттық-сауықтыру кешенінде Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің көшпелі активі өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту, студенттік өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру, белсенділер арасындағы тәжірибе алмасу және жаңа идеяларды қалыптастыру болды. Бағдарлама аясында тренингтер, мастер-класстар, пікірталас алаңдары […]
2025 жылдың 23 қыркүйегінде «Bolashaq» Aкадемияcында Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен студенттерге арналған экологиялық тренинг өткізілді. Іс-шараның мақсаты — жас ұрпақты экологиялық саналы өмір салтына баулу, табиғатты қорғау және тұрақты даму қағидаттары бойынша практикалық білім беру болды. Тренинг бағдарламасы бірнеше блоктан тұрды. Алғаш рет экология […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты 2025 жылғы Жолдауы аясында “Bolashaq” Академиясының профессор-оқытушылар құрамы және студенттерімен өткен кездесуде Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Жұмағұлов Айтбай Ботпайұлы Президент белгілеген басым бағыттарды жан-жақты талқылап, оның қоғам мен мемлекет үшін стратегиялық маңызын […]
“Білім күні” — студенттер, оқытушылар және Академия қонақтары үшін ерекше күн. Мереке ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен басталды. Бұл — ұрпаққа өнеге болып қалатын тағзым сәті. «Bolashaq» Академиясының ректоры Қуанышбек Бұланұлы Аданов жиналғандарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім, ғылым мен еңбектің болашақтың берік іргетасы […]
«Bolashaq» Академиясы аймағымыздың үздік жоғары оқу орындарының бірі ретінде BALQASH ÓŃIRI газетінде жарияланды. Академия білім мен ғылым саласында 30 жылдан бері бәсекеге қабілетті білікті мамандар дайындап келеді. Академияда білім беру сапасын арттыруға бағытталған барлық негізгі талаптар толық қамтамасыз етілген. Оқу бағдарламалары халықаралық аккредитациядан өтіп, әлемдік стандарттарға сәйкестігі ресми түрде танылған. […]
2025 жылдың 22 мамыр күні «Педагогика» кафедрасының эдвайзерлері мен аға оқытушылары С.С. Шутенова және А.Б. Қосманованың ұйымдастыруымен «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», сондай-ақ «Педагогика және психология» білім беру бағдарламаларының студенттерімен бірге «Біздің жыл: кадр сыртындағы шындық» атты кураторлық сағат өткізілді. Бұл шараның негізгі мақсаты – бір жыл ішінде студенттердің бастан […]
«Bolashaq» Академиясы – білім беру кеңістігінде өзіндік орны бар, заманауи талаптарға сай дамып келе жатқан жетекші оқу орны. Бұл туралы «Қарқаралы» газетінде жарық көрген мақалада кеңінен баяндалып, Академияның аймақтың үздік жоғары оқу орындарының біріне айналғаны атап өтілді. Академия жыл сайын оқу сапасы, түлектердің жұмысқа орналасуы, ғылыми-зерттеу қызметі және халықаралық байланыстар […]
2025 жылдың 16 мамырында К-23-1к тобында «Суда жүзу ережелері мен қауіпсіздік шаралары» атты кураторлық сағат өтті. Топ студенттеріне судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы – суда жүзу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігі туралы ақпарат берілді. Олар: Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары; Көлдерде, тоғандарда, шалшық суларда шомылудың қауіптері; Қол-аяқтың тырысып […]
Студенттер танымында тұрақты адамгершілік бағдарларды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсінікті қалыптастыру және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру мақсатында ИН -24-1,2 топтарында «Адалдық сағаты» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараны топ кураторы, «Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының аға оқытушысы М.М. Момбекова ұйымдастырды. Адалдық, ең маңызды моральдық категория ретінде, бүгінде адамның жеке қасиеттері тұрғысынан […]
2025 жылғы 8 мамырда Фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Темиреева Назым Багдаулетовна Фм-23-2 тобында «Ұлы Жеңіске – 80 жыл!» атты кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағатқа Темиреева К.С., Блялев С.А қатысты. Кураторлық сағаттың негізгі мақсаты: Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай студенттерді өз Отанын, елін, жерін сүюге, қаһарлы күндердегі халқымыздың үлгі […]
Е.А. Бөкетов атындағы ғылыми-зерттеу университеті «Қазіргі әлемдегі діни экстремизм мен терроризмді ескерту және алдын алу » тақырыбында эссе байқауын өткізді.Конкурс қорытындысы бойынша «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 2 курс, Ю-23-2 тобының студенті С.К. Құнанбаев құрметті II орынға ие болды! Научный руководитель: Кабжанов А.Т. Студентімізді шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен толағай […]