2021 жылғы 14 желтоқсанда сағат 12.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Тәуелсіздік деген не?”атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара мақсаты: жастардың төзімділігі мен толеранттылығын дамыту. Аталған іс-шараға 1-3 курс студенттері белсене қатысты. Күн тәртібінде 4 маңызды мәселе қаралды:1 Тәуелсіздік дегеніміз не? Тәуелсіздік терминін қалай түсінесіз?2 Тарихта қандай мемлекеттер тәуелсіздік үшін […]
Жаңалықтар
14 желтоқсан күні “Bolashaq” академиясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шара өтті. Еліміздің Тәуелсіздік күніне орай академия ректоры Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлы студенттер мен оқытушыларға құттықтау лебізін білдірді. Мереке қарсаңында академиямыздың бірқатар профессор-оқытушылары төл белгі, Құрмет грамоталары, алғысхаттармен марапатталды. Атап өткенде, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессоры Құрманғазы […]
“Bolashaq” академиясында 6-шы желтоқсан күні “16-желтоқсан -жастар рухы және Қазақстанның тәуелсіздігі: тарих пен қазіргі заман” атты саяси сабақ өткізілді. Іс шараны жалпы білім беру пәндері кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты Саттарова Фарида Фаттаховна өткізді.Ашық сабаққа академия оқытушылары мен студенттер қатысты. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Қазақ халқы тәуелсіздік жолында қандай […]
2021 жылғы 9 қазанда «Bolashaq» академиясы білім ордасында “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының тәрбие жұмысының жоспарымен бекітілген «Тәуелсіздік – тұғырым» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Іс шараны қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Н.Т. Ахметова өткізді. Іс-шара орыс тілді студенттер білім алушылар […]
Ресей Федерациясының Президенті жариялаған ғылым және технологиялар Жылы аясында, сондай – ақ Академияның 100 жылдығына орай, Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы Құқық және Ұлттық қауіпсіздік институты 7-9 Желтоқсанда цифрландыру дәуіріндегі ғылым мен білімнің дамуы мен өзара әрекеттесуінің өзекті мәселелерін талқылауға арналған “Цифрлық трансформация жағдайындағы ғылым мен білімнің интеграциясы” […]
9 желтоқсанда “Әділет”студенттік ғылыми үйірмесінің кезекті отырысы өтті. Үйірме отырысы Қазақстан Республикасында азаматтық сот ісін жүргізуді жетілдіру мәселелеріне арналды. Отырысты заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы Н. Жұмжұмаев ашып, қатысушыларға Қазақстан Республикасының сот жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары туралы айтып берді. Отырыста “Ұлт жоспары – 100 нақты қадам” бағдарламасының, “Қазақстан-2050” Стратегиясының, Қазақстан […]
2021 жылдың 10-желтоқсанында Психология, педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының эдвайзерлері Мекадилова Самал Кемелбаевна мен Байбекова Венера Алимкуловна «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1-4 курс студенттерімен «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата -бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз […]
2021 жылдың 9-10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңесі және Оңтүстік- Қазақстан медицина академиясы ұйымдастырған “Биология, медицина және фармацияның даму болашағы” атты жас ғалымдар мен студенттердің VIII халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Пленарлық мәжілісте ФМ18-3 тобының студенті Хамитова Айбану «Созылмалы жөтелге қарсы биологиялық […]
221 жылдың 10 желтоқсанында “Bolashaq” академиясының студенттері “Карлаг” мұражайына барды. Бұл іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтті. Қазақ халқының қайғылы жылдарының және жазықсыз құрбан болған тағдырларының куәгері болған ғимарат бүгін мұражайға айналды. Студенттер” Карлаг” лагеріндегі тұтқындардың өмір тарихымен танысып, олардың неліктен” халық жауы”атанғаны туралы білді. Тұтқындар лагерьде қандай жағдайда […]
Үстіміздегі жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында: “Ғылым мен білім арқылы Құқық қорғау қызметін дамытудың тұжырымдамалық негіздері” тақырыбында ғылыми диалог нысанында дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы. Өткізу форматы: Microsoft Teams […]
ҚР Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек ҚР Президенті жарлығымен “Bolashaq” академиясының түлегі, «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ораз Абай Амангелдіұлы «Шапағат» медалімен марапаттады. Абай Амангелдіұлы сізді шын жүректен құттықтаймыз және марапатыңыз құтты болсын, осындай биік шыңдардан көріне беріңіз дегіміз келеді.
9 желтоқсан күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Сен деп жырлаймын, Қазақстан!” атты жастар поэзиялық батлын өткізді. Сайысқа Bolashaq академиясы атынан “Bolashaq” командасы қатысты. Команда мүшелері: Ізбасар Ерқанат (К-20-1), Әбдірейім Қанағат (К-20-1), Жұрағат Аймарал (К-20-1) және Шари Қымбат (К-20-1) қатысты. Қарағанды облысының […]
Қарағанды облысының жастар саясаты басқармасының қолдауымен жастар арасында дебат қозғалысын дамыту аясында «Короновирус пандемиясынан кейін өмір сүру тәртібін қашықтықта қалдыру керек деп санайды» атты тақырыбында көрсетілім ойыны өткізілді. Көрсетілім ойын барысында көрермендер жұмыс істеу тәртібінің, оқу барысының онлайн форматында өткізілуінің артықшылықтарын анықтай алады. Сонымен қатар көрсетілім ойын барысында офлайн форматтағы […]
Қарағанды облысының жастар саясаты басқармасының қолдауымен жастар арасында кәсіптік дағдыларды дамыту жобасының аясында жастарды мобилография, веб әзірлеу және де графикалық дизайн бағыттарына оқыту курстары өткізілді. Оқыту курстары 12 сағаттық жалпы оқыту, сонымен қатар 30 сағатқа жоспарланған негізгі оқыту мен әмбебап дағдыларды дамытуға арналған курстардан құралды. Әмбебап дағдыларына оқыту курстарында СММ, […]
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын және халықаралық адам құқықтары күнін мерекелеу шеңберінде 2021 жылғы 8 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Л. Н.Гумилев атындағы ЕҰУ базасында “Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Конституциясының рөлі”атты дөңгелек үстел өтті. Адам құқықтары күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара Конституциялық кеңес […]