Құрметті жас талапкер! Қарағанды қаласының «Bolashaq» Академиясы сіздерді оқуға шақырады. Академияның тарихы 1995 жылдан бастау алады. Бүгінде «Bolashaq» академиясы тек орталық өңірге ғана емес, барлық республикаға, алыс-жақын шет мемлекеттерге танымал, 22.01.2025ж. дейінгі жарамдылығы бар институционалдық және мамандандырылған аккредитациядан өткен, алдыңғы қатарлы және 25 жылдық тарихи дамуды еңсерген сапалы білім беретін […]
Жаңалықтар
Құрметті “Bolashaq” Академиясының студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері!Біздің ЖОО-ның : фармация және педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі бойынша ББ-ның білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі IQAA тәуелсіз агенттігінің 5 жыл мерзімге дейін сәтті бағдарламалық аккредитациялаудан өткені туралы хабарлауға және құттықтауға қуаныштымыз!
27 мамыр күні “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының 4- курс студенттері білімді бағалау дайындық тестерінен өтті. Тест 3 пән бойынша жүргізілді. Студенттеріміздің дайындықтарының арқасында білім көрсеткіші жаман емес.
2022 жылдың 27 мамырында психология, педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының эдвайзері Тажинин Азат Мырзабекұлы Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына орай ПжП білім беру бағдарламасының студенттерімен ашық кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты: қазақ ақыны, тілтанушы, қоғам және саяси қайраткер Олжас Сүлейменовтың өмірбаянымен танысу, ақынның шығармашылығына және тұлғасына деген қызығушылыққа, ұлттық […]
2022 жылғы 26 мамырдан бастап академияда ғылыми-педагогикалық бағытта білім алып жүрген магистарнттар қорытынды аттестаттау сынағынан өтуді бастады. Алғашқы кезек 7М01702-«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының магистранттарына бұйырды. Қорғау көшінің алдыңғы легі болған соң, академия ректоры Құралбай Несіпбекұлы Меңлібаев қорғау жүріп жатқан оқу аудиториясына кіріп, магистранттарға сәттілік тіледі.Магистранттар екі жыл […]
20 мамырда студенттер мен магистранттардың “Менің заңнамалық бастамам” ғылыми-зерттеу жұмыстарының аймақтық байқауының қорытынды туры өтті. Байқауды заң пәндері кафедрасы ұйымдастырды. Оған заң мамандықтары бойынша оқитын магистранттар қатысты. Байқау екі турда өтті. Бірінші турда жұмыстарды сарапшылар зерттеді. Алдын ала іріктеуден өткен жұмыстар екінші турға жіберілді. Екінші турда қатысушылар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының […]
2022 жылғы 16 мамырда Қарағанды қаласының «№15 ЖББМ» КММ мектебінің түлектерімен кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. «Психология, педагогика және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушылары Р.Н. Жапанова, Ж.А. Арунова 11 сынып оқушыларына «Bolashaq» академиясы туралы ақпарат беріп, бейнетүсірілім таныстырылымын көрсетті. Онда «Bolashaq» Академия өміріндегі Қазақстан жоғары оқу орындары арасында алатын орыны, […]
8-9 мамыр күндері Торайғыров университетінде «President CUP II» Республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге Астана, Семей, Өскемен, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Павлодарлық пікірсайысшылар қатысты. Аталған дебат турниріне «Bolashaq» академиясы атынан «Біз сұрақ қабылдамаймыз» және «В душе аға буын» фракциялары қатысты. Турнирдің мақсаты – Жастарды отансүйгіштікке баулу және шешендік-көшбасшылық мәдениетті қалыптастыру. […]
Бүгін “Bolashaq” академиясының студенттері мен оқытушылары үшін Қарағанды қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы Медеубаев Сұлтан Бейсенбайұлы және отставкадағы заңгер, әділет кеңесшісі, “Біргеміз-Қарағанды” Қоғамдық қорының төрағасы Менсиитов Эриктің қатысуымен республикалық референдум туралы ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. ✒️ Кездесу барысында спикерлер референдум арқылы өтетін өзгерістер ел тағдырының өзгеруіне және “Жаңа Қазақстанды” қалыптастыруға ықпал ететінін […]
2022 жылғы18 мамыр күні Қасым Аманжолов музей-үйінде Түркі жазуы күніне және халық мұғалімі А.Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған “Қазақ жазуы және түркі руханияты” атты зияткерлік сайыс өтті. Іс-шараға қазылар алқасына төрағалық еткен қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор К.З. Сембиев қатысты. Сайыс қала, аудан білім бөлімдерінің қазақ тілі мен […]
6-7 мамыр аралығында Ақтоғай ауданында ұлттық спортты дәріптеу бойынша IV аудандық чемпионат өтті. Жарысқа “Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасы к-20-1 тобының студенті Ізбасар Ерқанат қатысты. Іс-шара жастар арасында көкпар ойынын, сондай-ақ ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау және дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Ізбасаров Ерқанат ойнаған көкпар командасы чемпионатта жақсы өнер көрсетті. […]
13 мамырда “Әділет” студенттік ғылыми үйірмесінің отырысы өтті. Үйірме отырысына Ю-21-2, Ю-20-2 топтарының студенттері қатысты. Үйірме отырысы реттеушілік саясат және Қазақстан Республикасының құқықтық актілер жүйесі мәселелерін талқылауға арналды. Үйірме отырысын заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы Н.С. Жұмжұмаев өткізді. Отырыста “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының […]
2022 жылдың 13 мамырында Қарағанды облысының білім басқармасы ұйымдастырған жұмыс берушілер форумы аясында Қарағанды машина жасау колледжі базасында “Кәсіпкерлік және колледж – жаңа мүмкіндіктер” атты семинар өтті. Семинарға қатысушылар-Қарағанды облысы колледждерінің директорлары үшін “Атамекен” ҰКП Қарағанды облысы бойынша ӨКП атынан спикерлер М.М. Касимова және З. К. Усувалиева сөз сөйледі, семинар […]
2022 жылдың 12 мамырында Zoom платформасында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен “Қаржы”білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерімен кездесу өтті. Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Адами ресурстар басқармасының жетекші маманы Зекен Әділхан Бағдатұлы студенттерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылатын мекеменің мақсаттарымен, функцияларымен, […]
12 мамыр күні М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханасында, «Балалар жылы» және Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай эссе жазу байқауы өткен болатын. Эссе тақырыбы: «Қорғансыздың күні» әңгімесіне және «Қараш-қараш оқиғасы» повесіне талдау жасау. Аталған іс-шараға “Bolashaq” академиясының атынан қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 2 курс студенті Оразхан Айкенже […]