Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі бейіндік және ғылыми-педагогикалық магистратура мен докторантурада кадрлар даярлауды жүзеге асыратын “Bolashaq” академиясының (бұдан әрі – Академия) оқу-әдістемелік, ғылыми және әкімшілік құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдары мен бөлімшелері, ғылыми-зерттеу мекемелері, халықаралық ұйымдар және басқа да салалар үшін мамандар даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.
Бөлім қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдары мен бөлімшелерін, ғылыми-зерттеу мекемелерін, халықаралық ұйымдар мен басқа да салаларды жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету болып табылады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі міндеттері:
– жоғары жалпы мәдениетті, кәсіби құзыреттілікті, азаматтық кемелділікті ұштастыратын жоғары білікті мамандарды даярлау және жеке адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттің мүдделерін қорғауға дайын болу;
– бейіндік және ғылыми-педагогикалық магистратурада, докторантурада жоғары білікті мамандар даярлауда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және басқа да салалардың ұйымдары мен бөлімшелеріне ұйымдастырушылық және ғылыми-әдістемелік көмек көрсету;
– мамандар даярлау бейініне сәйкес қазақстандық ғылымды жетілдірудің өзекті проблемалары бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, алынған нәтижелер мен ғылыми зерттеулерді оқу процесі мен практикаға енгізу;
– білім, ғылым және практиканың тығыз интеграциясы үшін жағдай жасау, оқу-тәрбие және ғылыми процестерді басқарудың ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін жетілдіру;
– өз құзыреті шегінде халықаралық, өңірлік және өзге де қосымша білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға қатысу;
-Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу мекемелерімен, ғылыми және ғылыми-техникалық қоғамдарымен байланысты нығайту;
-оқу және материалдық-техникалық базаны дамыту және жетілдіру.
Бөлім жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастырады, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша сабақтар өткізуге жұмылатын Академия кафедраларының оқу-әдістемелік жұмысын үйлестіреді, Академияда өткізілетін ғылыми зерттеулерге қатысады.
Бөлімнің құрылымы, штаты және жеке құрамының саны “Bolashaq”академиясы ректорының бұйрығымен анықталады.
СЕРІМОВ ЕЛЕУЖАН ЕЛЕМЕСҰЛЫ
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы
Заң ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті
Білімі.
1. Күндізгі жоғары білім (1982-1987 жж.) КСРО, Қазақ КСР, Қарағанды мемлекеттік университеті. Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті – Филолог-оқытушы (диплом РВ №108437).
2. Сырттай жоғары білім (1994-1997 жж.), Қазақстан Республикасы, ҚР МТК Қарағанды жоғары мектебі. Мамандығы: құқықтану, заңгер (диплом ЖБ-ІІІ № 0133145)
Жоғары білім беру педагогикасы, кәсіптік білім беру, құқықтану саласындағы кәсіби қызмет.
Байланыс телефоны: (87212) 42 05 37, іш. 047