Главный редактор Академии "BOLASHAQ"
2025 жылғы 3 қазанда «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы А. Б. Косманова Қарағанды қаласының КММ «№86 ЖББМ» 11-сынып бітіруші түлектерінің ата-аналарымен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді. Іс-шара барысында ата-аналарға «Bolashaq» академиясы туралы толық ақпарат ұсынылды: оның миссиясы мен мақсаттары, өзекті жаңалықтары, сондай-ақ ағымдағы оқу жылындағы педагогика білім беру бағдарламасындағы өзгерістер таныстырылды. […]
AI WEEK-жасанды интеллектке арналған апта. Бұл оқиға AI біздің әлемді қалай өзгертетінін білгісі келетіндерге арналған. Дәрістер, воркшоптар, тұсаукесерлер, атышулы батлдар мен жанды пікірталастар 7 күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінде өтеді.
Digital Bridge 2025 — технологиялық серпіліс уақыты!Жасанды интеллект өмірімізді қалай өзгертіп жатыр? Қандай AI-шешімдер қазірдің өзінде қолданыста? Орталық Азияның басты технологиялық форумына қосылып, бүгін басталып жатқан болашақтың бір бөлігі болыңыз Жаңа дәуірге бастар қадамың осы жерден басталады!.
2025 жылғы 02 қазанда «Bolashaq» академиясының ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Д.С. Асакаева «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған тәлімгерлерді оқыту бағдарламасы шеңберінде «Кәсіби қызметтегі қақтығыстарды басқару» тақырыбында онлайн-семинар өткізді. Семинарға өндірістік тәжірибе кезінде Жезқазған қаласының колледждері студенттерінің тәлімгерлері болып табылатын түрлі кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты. Қатысушылар студенттермен өзара іс-қимылдың өзекті […]
2025 жылғы 1 қазан күні «Bolashaq» Академиясында Жоғары білім қызметкерлері күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті. Бұл ерекше күн – бар ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеуге, білім мен ғылымды дамытуға арнаған ұлағатты ұстаздарға көрсетілген құрмет пен ризашылықтың жарқын көрінісі болды. Концерттік кеш – білім саласының ардагерлері мен қазіргі таңда оқу үдерісінде […]
Сіздерді Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер күн сайын шынымен маңызды миссияны орындайсыздар-тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар бүкіл ұрпақтың әлеуетін ашасыздар. Өйткені, жоғары оқу орнының оқытушысы тек білім беріп қана қоймайды – ол болашақтың ойлауын қалыптастырады. Қоғам, ел, әлем дамитын векторды белгілейді. Оқытушы-Ғылым әлемі […]
2025 жылдың 29 қыркүйегінде Академиямызға Чех Республикасынан қонақтар келді. Құрамында Батыс Чех университетінің (Пльзень қ.) археология кафедрасының меңгерушісі, Ph.D докторы Павел Варжека және GULAG.CZ ұйымының төрағасы Штепан Черноушек болды. 2009 жылы құрылған GULAG.CZ қоғамдық ұйымы ГУЛАГ жүйесінің феноменін және кеңестік тоталитарлық режимді зерттеумен айналысады. Ұйымның басты миссиясы – ГУЛАГ пен […]
2025 жылдың 29 қыркүйегінде фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Тулебаев Е.А. және оқытушысы Темиреева Н.Б. Фармакогност ғылыми үйірмесінің жұмысы бойынша студенттермен START-UP идеялар талқылап, алғашқы ұсыныстар жасалды. Қатысушылардың белсенділігі мен қызығушылығы ерекше қуантты! START-UP конкурсы Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы 2025 жылдың 17-18 қазанында «Биология, медицина және фармацияның даму перспективалары» […]
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым Комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары: – Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану; – Энергия, озық материалдар және көлік; – Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар; – Елдің зияткерлік әлеуеті; – Өмір және денсаулық […]