Академия "Bolashaq"
Осы күндері бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттар қорытынды аттесттау сынағынан өтіп жатыр. Екі жыл бойғы алған білімдері мен ғылыми ізденіс жұмыстары сарапқа салынуда. Теория мен практиканы қатар салыстырып, уақыттың нақышына қарай қоғамға қажетті деген өз салалары бойынша тұщымды ұсыныстары мен тұжырымдарын жасауда. Бүгін 7М04202-«Құқықтану» білім беру бағдарламасының магистранттарының бір тобы […]
27 мамыр күні “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының 4- курс студенттері білімді бағалау дайындық тестерінен өтті. Тест 3 пән бойынша жүргізілді. Студенттеріміздің дайындықтарының арқасында білім көрсеткіші жаман емес.
2022 жылғы 26 мамырдан бастап академияда ғылыми-педагогикалық бағытта білім алып жүрген магистарнттар қорытынды аттестаттау сынағынан өтуді бастады. Алғашқы кезек 7М01702-«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының магистранттарына бұйырды. Қорғау көшінің алдыңғы легі болған соң, академия ректоры Құралбай Несіпбекұлы Меңлібаев қорғау жүріп жатқан оқу аудиториясына кіріп, магистранттарға сәттілік тіледі.Магистранттар екі жыл […]
2022 жылғы 16 мамырда Қарағанды қаласының «№15 ЖББМ» КММ мектебінің түлектерімен кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. «Психология, педагогика және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушылары Р.Н. Жапанова, Ж.А. Арунова 11 сынып оқушыларына «Bolashaq» академиясы туралы ақпарат беріп, бейнетүсірілім таныстырылымын көрсетті. Онда «Bolashaq» Академия өміріндегі Қазақстан жоғары оқу орындары арасында алатын орыны, […]
8-9 мамыр күндері Торайғыров университетінде «President CUP II» Республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге Астана, Семей, Өскемен, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Павлодарлық пікірсайысшылар қатысты. Аталған дебат турниріне «Bolashaq» академиясы атынан «Біз сұрақ қабылдамаймыз» және «В душе аға буын» фракциялары қатысты. Турнирдің мақсаты – Жастарды отансүйгіштікке баулу және шешендік-көшбасшылық мәдениетті қалыптастыру. […]
2022 жылғы18 мамыр күні Қасым Аманжолов музей-үйінде Түркі жазуы күніне және халық мұғалімі А.Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ жазуы және түркі руханияты» атты зияткерлік сайыс өтті. Іс-шараға қазылар алқасына төрағалық еткен қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор К.З. Сембиев қатысты. Сайыс қала, аудан білім бөлімдерінің қазақ тілі мен […]
12 мамыр күні М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханасында, «Балалар жылы» және Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай эссе жазу байқауы өткен болатын. Эссе тақырыбы: «Қорғансыздың күні» әңгімесіне және «Қараш-қараш оқиғасы» повесіне талдау жасау. Аталған іс-шараға «Bolashaq» академиясының атынан қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 2 курс студенті Оразхан Айкенже […]
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Үкіметі мен Түркия Үкіметі арасында білім беру саласындағы әріптестік туралы келісімге қол қойғаны белгілі. Білім саласы бойынша Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов екі ел келісімінің негізгі бағыттарын жария етті. Бұл бағыттар оқытушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдары басшыларының тәжірибе алмасуы, өзара […]
2022 жылдың 11 мамырында «Bolashaq» академиясының оқу корпусында қазақ тілі білім беру бағдарламасының К-18 тобында диплом жұмыстары, МК-20 тобы диссертациялық еңбектерін алдын ала қорғау жұмыстары өтті. Нәтижесінде бітірушілердің жұмыстары қанағаттанарлық деп саналып, қорғауға жіберілді.
11 мамыр күні «Батыр» спорт кешенінде «Bolashaq»академиясының студенттері мен оқытушылары арасында шағын футболдан турнир өтті. Аталған турнир Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орайластырылды. Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922 ж., Орал облысы Бөкей Ордасы ауданы — 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944). […]
7-8 мамырда Қостанай қаласында үлкен жасөспірімдер (16-17 жас) және жастар (18-20) арасында грэпплинг және грэпплинг гиден Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Бұл жарысқа «Bolashaq академиясының» Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының 3 курс студенті Кусаинова Жанеля қатысты. Чемпионатта республиканың 15 өңірінен 620 қатысушы жарысты. Тартысты өткен турнирдің бірінші күні Кусаинова Жанеля […]
Құрметті әріптестер, «Bolashaq»академиясының құрметті студент жастары! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Отан қорғаушылардың кәсіби мерекесі Елбасының Жарлығымен мемлекеттік мәртебеге ие болып, тойланып келеді. Бұл күн – бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше […]
Құрметті «Bolashaq» академиясының профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері!Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мерекенің еліміз үшін маңызы зор! Бүгінгі мереке – әрбір қазақстандық үшін Отанға сүйіспеншілік сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Қаншама ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына жинап, олар мен тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан […]
28 сәуір күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушы Б.А.Абылбаева К-20-1 тобында Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет пәні бойынша «Жыраулар толғауы – тарихым» атты ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілдері – жыраулардың жырын оқу арқылы ұлы адамдардың […]