“Bolashaq” Академиясы Ілясова Әлия Укужановнаны докторантураға сәтті түсуімен шын жүректен құттықтайды! Сіздің өміріңіздегі бұл маңызды оқиға өз кәсібилігіңіздің, табандылығыңыздың және ғылыми жетістіктердің жоғары деңгейінің айқын дәлелі болып табылады. Докторантураға түсу ғылыми зерттеулер, жеке және кәсіби өсу үшін жаңа көкжиектер ашады. Сізге оқуда сәттілік, зерттеулерде шабыт және жаңа ғылыми жаңалықтар тілейміз! […]
Yearly Archives: 2024
Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы Достык үйінде қалалық волонтерлер форумын өткізді.Форум аясында пленарлық отырыс өтіп, онда спикерлер -Қазақстандағы БҰҰ Еріктілер бағдарламасының бағдарламалық көмекшісі Мария Ипполитова, бейресми ілім беру тренері, ментор Бекматов Нұрасыл жәнe «Jas Ulan Team» республикалық еріктілер штабы мен «Fenomen Jas» республикалық әлеуметтік жобасының жетекшісі Ақмамбет Ақбота волонтерлік саладағы […]
30 қарашада Ресей халықтар достығы университетінде онлайн-режимде “Көпмәдениетті кеңістіктегі маманның коммуникативтік мәдениеті” ХХVI Халықаралық ЖОО аралық студенттік ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция заманауи кәсіби сөйлеу ақпараттық ортасындағы коммуникацияның өзекті мәселелеріне; кәсіби-іскерлік қарым-қатынастағы дәстүрлер мен инновацияларға; кәсіби-іскерлік қарым-қатынастың дискурсивті стратегияларына; тілдің, тарихтың, мәдениеттің өзара байланысы мәселелеріне; шешендік өнер мәселелеріне; мәдениетаралық коммуникация мәселелеріне […]
2024 жылғы 20 желтоқсанда “Bolashaq” Академиясында жаңа жыл мерекесіне орай “New Year’s Eve Party” атты мерекелік концерт өтті! Іс-шараның мақсаты: Академия студенттері мен оқытушыларына Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасы атынан “Жаңа жыл” мерекесімен құттықтау және “Құқықтық және қаржылық пәндер” кафедрасында оқып жатқан 4 курс студенттерімен қоштасу. Концертті ұйымдастырушылар: “Құқықтық және […]
Шет ауданы әкімдігі белгілі ғалым, Қазақстан ПҒА Құрметті академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Мәдениет қайраткері, салалық және мемлекеттік марапаттар иегері Мәуен Хамзинмен аудан жұртшылығының кездесуін ұйымдастырды. Кездесу өте мазмұнды, еш боямасыз, табиғи сипатты, қызықты өтті. Ауданның сыйлы азаматтары, аға буын өкілдері, сыныптастары, ұстаздары мен шәкірттері қатысқан осынау тамаша іс-шарада Құрметті […]
2024 жылғы 21 желтоқсанда сағат 10.00-де (Астана қ.уақыты бойынша) Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында. ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Әділов Санжар Аскенұлының төрағалығымен “Некеге тұру мақсатында әйелді ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік: заңгерлік біліктілік мәселелері” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара ішкі істер органдарының, халықаралық ұйымдардың басшылары мен […]
13.12.2024 күні фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушысы Темиреева Назым Багдаулетовна Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай Фм 23-2 тобына “Шәкен Айманов – қазақ киносының жарық жұлдызы” тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. Бүгін әйгілі режиссер, актер, КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл. Киногердің туындылары «Қазақ киносының алтын қорына» енген. Ал […]
Әбіш Кекілбаев-қазақ мәдениетінің көкжиегін кеңейтіп, оны жаңа деңгейге көтерген көрнекті жазушы, классик. Жоғары сөз өнері мен терең білім арқасында ол шығармашылық шеберліктің шыңына жетіп, бірегей туындылар жасай алды. Әбіш Кекілбаев-тәуелсіздігіміздің қалыптасуына және мемлекеттілігіміздің нығаюына баға жетпес үлес қосқан қайраткер. Ол жоғары лауазымдарды абыроймен атқарды және өз халқына жанқиярлықпен қызмет етті. […]
Аты аңызға айналған қазақстандық опера әншісі, актриса және педагог, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Ахметқызы Төлегенова биыл 95 жасқа толғанын атап өтеді. Бибігүл Төлегенованың өмірі әрқашан сүйікті ісіне – концерттерге, гастрольдерге, қойылымдарға, кездесулерге толы. Дарынды қыз шығармашылық қызметін Алматы қаласындағы Қазақ консерваториясының вокал-хор факультетінің […]
17 желтоқсанда фармацевтикалық білім беру бағдарламаларының ЖБТ (жобаларды басқару тобы) отырысы өтті. Күн тәртібінде үш мәселе талқыланды: 1.Бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру: оң сәттер, проблемалар. Шешу жолдары. 2.2024-2025 жылғы түлектерге арналған ОҚПЕ тест тапсырмаларының ерекшелігін (объективті құрылымдық практикалық емтихан) талқылау. 3. РОӘК “Фармациядағы басқару және сапа” сертификаттау […]
🔰Қарағанды университетінің тұңғыш ректоры, академик Е. А. Бөкетовтың 100 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларды өткізу жоспарын жүзеге асыру шегінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің теориялық-құқықтық аспектілер» тақырыбына студенттер арасында эссе жұмыстарының аймақтық сайысы өткізілген болатын. Сайысқа жоғары оқу орындарының заңгерлік мамандықтарының студенттері қатысты.Сайысты ұйымдастырушы – «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-ң […]
Биыл еліміз мемлекеттік мерекенің 33 жылдығын – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін – 16 желтоқсанды атап өтуде. Дәл осы күні, 1991 жылы Тәуелсіздік және мемлекеттік егемендік туралы Заң қабылданды. 13 желтоқсан күні “Bolashaq” Академиясында “Ұлттық батырларды еске алу күні” атты тарихи кеш өтті. Аталған іс-шараның мақсаты: барлық қазақстандықтар арасында саяси мәдениетті […]
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, 13 желтоқсан күні фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Темиреева Күмісжан Слямгазиновна ФМ 23-2 тобына ашық кураторлық сағат өткізді. Куратор сағатына кафедра меңгерушісі Пахомова Д.К және оқытушылар мен студенттер қатысты. Іс-шара барысында студенттерге тәуелсіздік тарихы мен оның маңыздылығы жайлы мазмұнды ақпарат ұсынылды. ФМ 23-2 тобының студенті […]
“Bolashaq” Академиясында жаңа заманауи компьютерлік кабинеттің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға академияның ректоры, проректорлар, сондай-ақ ҚБТ және IT-қолдау орталығының басшысы, Академияның профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты. Жаңа кабинет озық компьютерлермен және интерактивті құралдармен жабдықталған, бұл студенттерге ақпараттық технологияларды игеруде бірегей мүмкіндіктер жасайды. Кең бөлме, ыңғайлы жұмыс орындары және заманауи бағдарламалық қамтамасыз […]