Магистратураға кешенді тестілеуге өтініш ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы 1 маусым-15 шілде аралығында қабылданады. Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша куәлік электронды түрде тестіленушінің жеке кабинеті арқылы беріледі. Магистратураға кешенді тестілеу 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады. Араб тілі бойынша және шығармашылық емтихандар 16-25 шілде аралығында өтеді. Магистратураға қабылдау […]
Daily Archives: 15.06.2021
?Биылдан бастап докторантураға қабылдау емтиханы электрондық форматта жүргізілетін болады. Үміткерлер компьютерде отырып эссе жазады, докторантурада оқуға дайындығын растау үшін тест тапсырады және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан тапсырады. ?«Биыл докторантураға түсу ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілді. Докторантураға қабылдау емтиханы алғаш рет тестілеу орталықтарының базасында дербес компьютер арқылы электрондық форматта […]
2021 жылы білім беру гранттарының саны 5 мыңға артады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. «Келесі оқу жылына бакалавриат бағдарламасы бойынша 51 561 грант бөлінді, оның ішіне “Серпін”бағдарламасы кіреді. Сонымен қатар “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге […]
?Жас мемлекеттік қызметші мектебі құжаттар қабылдау басталғандығын хабарлайды! ?Жас мемлекеттік қызметші мектебі – өз мақсатыңызға жету үшін алғашқы қадам. МҚМ аясында сіз екі айлық тағылымдамадан өтіп қана қоймай, тұлғалық даму бойынша оқытудан өтіп, облыстың көшбасшы жастарымен танысасыздар. ?Құжаттар 04.06.2021 – 24.06.2021 аралығында онлайн қабылданады. Қарағанды облысы жоғары оқу орындарының 3-4 […]
Әкеміз Диқанбаев Әлкей 1916 жылы Жаңаарқада дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін Қарағандыда тұрып, оқыған және жұмыс істеген. 14 жасында комсомол мүшесі, 21 жасында коммунист болды. 1941 жылдың қараша айынан бастап 1946 жылдың ақпан айына дейін Кеңес Армиясында қызмет етті, аға лейтенант, “орыс және қазақ тілдерінде сауатты”деген мінездемеде көрсетілгендей, […]
Досалов Темірхан 1913 жылы сол кездегі Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданы, Сталин колхозының №1 ауылында дүниеге келген. 1941 жылы соғыс басталысымен майданға аттанып, алғашқы екі жыл Ресейдің Псков облысындағы Великие Луки қаласындағы шайқастарға қатысады, одан соң Польшаның Люблин қаласында болады, сол жерде ауыр жарақаттанып елге қайтып оралады. Денесінде қалған оқтардан, әсіресе жүрек […]
МЕН АТАММЕН ЖӘНЕ АНАММЕН – СОҒЫС ЖӘНЕ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІМЕН МАҚТАНАМЫН: Таңатар Сариевич Сариев, Сариева Мухсина Таңатаровна Ұлы Отан соғысы-ХХ ғасырдағы ғана емес, адамзат тарихындағы қорқынышты соғыс. Ал Ұлы Жеңіс-ұлы мереке! Әрине, әр мерекенің өз орны бар. Бірақ біз Жеңіс күні ерекше орын алатынын түсінуіміз керек. Сондықтан ардагерлерге құрмет-бәріміздің міндетіміз. Бүгінгі бақытты […]
1941 жылғы 22 маусым-тарихтағы ең қайғылы күндердің бірі. Бұл күні Екінші дүниежүзілік соғыстың (1939-1945) ең маңызды және шешуші бөлігі болып табылатын, КСРО халықтарының фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы азаттық соғысы – Ұлы Отан соғысы (1941-1945) басталды. 1941 жылы 22 маусымда таңертең фашистік Германия соғыс жарияламай Кеңес Одағына шабуыл жасады. […]