21 желтоқсанда Ю-21-1 тобының студенті Гартман Зинаида “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің теориялық-құқықтық аспектілері” тақырыбындағы өңірлік эссе байқауына қатысқаны үшін 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.

Эссе байқауы ағылшын тілінде өтті. Өз жұмысында Зинаида берілген тақырыпты терең ашып, қажетті аспектілерді анықтады, өзекті мәселелерді зерттеді және әртүрлі деңгейлердегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету жолдарын ұсынды. Сондай-ақ, осы байқау аясында студент сыбайлас жемқорлықтың негізгі себептерін анықтау бойынша өз зерттеулерін жүргізді. Ол зерттеу жұмысында өз қорытындыларын айтты. Бұл эссе сыбайлас жемқорлықтың табиғаты мен негізгі мәселелерін түсінуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарым-қатынаста жаңа, дұрыс көзқарас пен дұрыс мінез-құлықты қалыптастыруға көмектеседі.