Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едеуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз.


Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы.
7 желтоқсан күні “Bolashaq” Академиясында “16-желтоқсан – Тәуелсіздік күніне” арналған кездесу өтті.Кездесуді ЖББ кафедрасының профессоры,философия ғылымдардың докторы Еликбаев Н.Е. және доцент, полковник,Қазақстан Республикасы аумағынан тыс соғыс қимылдарына қатысушы Суиндиков Ж.С. өткізді.


Кездесуде болашақ жас ұрпаққа елге деген сүйіспеншіліктің,Отанға деген адалдықтың, жанашырлықтың маңызын түсіндірген, жастарға ақылын айтқан қонақтарымызға алғысымыз шексіз.

