«Жеке бренд» онлайн-вебинарына қатысу

2020 жылдың 7-8 қазанында «Руханият» ҒЗО басшысы А.У. Аупенова «Жеке бренд»онлайн-вебинарына қатысты.

Іс-шараны Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ ұйымдастырды. Вебинардың жаттықтырушысы – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз хатшысы; медиа-сарапшы; кәсіби жаттықтырушы; «Jascongress University»басшысы – Ақерке Берлібай.

Бұл вебинар толығымен вебинар жаттықтырушысының кәсіби тәжірибесіне негізделген. Практикалық үлгі ретінде жеке блогтарды, әлеуметтік желілердегі аккаунттарды жүргізу, PR-трендтер, сторителлинг, копирайтинг сияқты аспектілер ашылды.

Вебинарға қатысушылар өздерінің жеке брендтерін алға жылжыту мен дамытудың ең тиімді құралдары туралы түсінік алды. Оларға мазмұнды маркетинг және SMM құралдары, таргетинг и коллаборациялар кіреді.

Онлайн-вебинардан өту қорытындысы бойынша қатысушы сертификаты алынды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.