Ленин кинотеатры жастарды жұмылдыратын орталыққа айналады! Қарағанды облысының әкімі Ермағамбет Бөлекпаевтың тапсырмасымен мұнда Жастар үйі ашылады. Жастар кеңесінің биылғы алғашқы отырысында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және шығармашылық ортаны дамыту мәселелері талқыланды.
Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Айсулу Ерниязова алдағы жоспарларларды ортаға салды:
Жастармен бұрын іске қосылмаған жобаларды күшейтуге байланысты:
«Талдау мектебі. QRG” — жастардың талдау дағдылары мен сыни ойлауын дамыту;
«Ұлт қазынасы» — талантты ауыл жастары үшін жаңа әлеуметтік лифт;
Elim deitin erler — жас сарапшыларға арналған пікірталас аланы;
Saryarqa Jastary — жастар брендін танымал ету;
Осы кездесуде «Bolashaq» академиясының Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Р.Н. Исмаилова мен 2 курс студенті Т.Б Кадрин қатысып қайтты!
Жастар шығармашылығы үшін:
«Сарыжайлау» кинотеатрының базасында креативті кеңістікті дамытуға арналған ресурстық орталық ашылады!
Қалалар мен аудандарда комьюнити-орталықтар құрылады.
КРІ жүйесіне жастар саясатының тиімділігін енгізу жоспарлануда.
Жастардың дамуына жаңа серпін беретін үлкен қадам жасалмақ!