2021 жылдың 12 ақпанында “Bolashaq” Академиясының заң пәндері кафедрасы Қарағанды облысының Білім басқармасымен бірлесіп Қарағанды қаласы және Қарағанды облысының 11 сынып, лицей, гимназия оқушылары мен колледж түлектері арасында “Жас заңгер-2021” облыстық байқауын өткізді.
Байқау online форматта өтті (ZOOM платформасы).”Жас заңгер-2021″ байқауының мақсаты – заңгерлік білім мен құқықтық мәдениетті насихаттау, заңгерлік ойлау қабілеті мен әлеуетті қабілеті бар талантты және шығармашыл жастарды анықтау және қолдау болып табылады.
Конкурстың міндеттері:
1) болашақ – заңгер мамандығын таңдауда белсенді көмек көрсету;
2) өзіндік ойлаудың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өз ойларын білдіре білу;
3) жазбаша баяндау дағдыларын дамыту;
4) көпшілік алдында сөз сөйлеу тәжірибесіне дағдылану;
5) оқушылар мен педагогтерды құқықтық жалпыға міндетті оқуға тарту;
6) қазіргі кезеңде білім алып жатқан жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Байқауға Қарағанды, Приозерск, Саран, Сәтпаев, Теміртау, Жезқазған, Шахтинск қалаларынан 42 оқушы қатысты.
Байқау 2 кезеңмен өткізілді.
Бірінші тур (сырттай) – “Қазіргі қоғамдағы құқықтың рөлі” тақырыбына эссе іріктеуі 2021 жылдың 22 қаңтары мен 9 ақпаны аралығында өтті.
Конкурстық комиссия жұмыстарды іріктеу кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алды:
- дербес жұмыс істей білуі, талдай білуге қабілеттілігі;
- мазмұндау стилі, төлдаралығы;
- сауаттылық;
- дәлелдеу дәрежесі;
- автордың эрудициясы.
Екінші тур-қашықтықтан өткізілген тур, ZOOM платформасының негізінде 2021 жылдың 12 ақпанында эссе қорғау түрінде өтті. 2 турға алдын ала іріктеуден өткен 11 қатысушы шақырылды.
Орын жеңімпаздарға төмендегідей тәртіпте берілді :
Конкурс қорытындысын шығару:
1 орын –”Bolashaq” академиясының бірінші курсында тегін оқуға “Bolashaq” академиясы ректорының грантын Абенова Аружан Абеновна иеленді, Жезқазған қ. “№ 22 ЖОББМ” КММ. Басшысы Ахметжанов Дәулет Ақатұлы (Жезқазған қаласы).
2 орын– бірінші курста оқу ақысына 50% жеңілдікті Қайратова Айым Ерсеновна иеленді, Қарағанды қ. № 104 мектеп – гимназиясы, жетекшісі Уксукбаева Мереке Ерденовна
3 орын–бірінші курста оқу ақысын төлеу бойынша 25% жеңілдікті Нұралиева Арина Кенжетайқызы алды, Приозерск қаласының №1 ЖОББМ. Басшысы Қарабаева Маржан Лесбекқызы.