Құрметті түлектер! Кең ой-өрісі бар кәсіби маман болғыңыз келе ме? “Самұрық-Қазына”қоры тобының компаниясында жұмысқа орналасу мүмкіндігін алу керек пе? Бүгін болашақты өз қолына ал! Жас Өркенмен бірге ел тарихын жасаңыз!
“Жас Өркен”жас мамандарды дамыту бағдарламасы: еліміздің үздік талантты түлектерін дайындау, “Самұрық-Қазына” қорының компанияларында мансабын бастау мүмкіндігі, жаңа буын басқарушыларының генерациясы.
2017 жылы Самұрық-Қазына қорының бастамасымен талантты түлектерді тарту, іріктеу және дамыту бойынша “Жас Өркен” бағдарламасы іске қосылды.
Үміткерлер қабілеті мен әлеуетін бағалау бойынша үздік әлемдік тәжірибені қамтитын бес деңгейлі іріктеуден өтеді. Егер 2017 жылы конкурстық іріктеуге 600-ге жуық түлек қатысса, өткен жылы Қазақстанның 21 қаласынан 4000-нан астам үміткер іріктеуден өтті.
Айта кету керек, Fortune 500 табысты компанияларының топ-менеджерлерінің 60% – дан астамы-ұқсас бағдарламалардың түлектері.
Бағдарламаның басты артықшылығы компанияның тәжірибелі қызметкерлері қатарынан тәлімгерлердің басшылығымен жедел даму болып табылады.
Бағдарламада 100-ден астам Тәлімгерлер жұмыс істейді, оларды дамыту осы бастаманың басты негізі болып табылады. Бағдарлама уақытында қатысушылар әр түрлі кәсіпорындарда 4 ротациядан өтеді, әрқайсысында 5 айдан.