2023 жылдың 4-ші сәуірінде Құқықтық және қаржылық пәндері кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. Г.К. Отыншиева Ю-22-2 тобымен «Жаңа Қазақстан студенттердің көзімен» атты ашық кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттерге қанша уақыт өтсе де тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтап, бүгінгі жастарға, келешек ұрпаққа мәңгі аманат болып қалатынын ескеру болып табылатындығы айтылды.
Г.К. Отыншиева ұлан байтақ жеріміз бен бай мәдениетімізді таныту, ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіру студент жастардың болашақта тұлға болып қалыптасу жолында маңызды рөл атқаратыны туралы өз ойымен бөлісті.
Г.К. Отыншиева «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты тақырыбында қысқаша баяндама жасады.
Тарихымызға көз жүгіртіп қарасақ, 32 жыл бұрын ұзақ уақыт бойы отаршылық тұтқында болып,ашаршылық зардабын шеккен ел бүгін жеке дара елге айналып отыр және осы Тәуелсіз Қазақстан елінің дүниеге келуінің ұлы шежіресі бірнеше кезеңнен тұрады.Ең біріншісі, осы тәуелсіздіктен кейін Республика Президенті лауазымын тағайындауы, кейіннен Қазақстан тәуелсіздігі туралы декларация қабылдануы, Республика валютасы қорын құруы, Қазақстан тәуелсіздігі туралы заңның қабылдануы және көптің басына қасірет тудырған Семей ядролық полигонының жабылуы.
Бүгінгі таңда біз тек бала болғанымызбен, еліміздің болашағына тигізер пайдамыз өте көп. Яғни алып жатқан біліміміз, асыл арманымыз,алға қойған мақсат пен жоспарларымызды келешекте еліміздің болашағына жұмсай аламыз.
Міне, бүгін еліміз тәуелсіз мемлекет ретінде жаңаша көзқараста өмір сүре ете бастады. Ғасырлар бойғы халықтың арман, мақсаты орындалды, ата — баба алдындағы парызы өтелді. Дүниежүзілік ірі ұйымдарға мүшелікке қабылданып, ерекше қарқынмен дамып келеміз.
Қазақстандағы өзгеріс – тарихта алтын әріппен жазылатын үлкен тарихи оқиға. Астана қаласы біз үшін Қазақстанның жаңа айнасы. Астанамыз – болашаққа баспалдақ болуымен бірге жаңа табыстарымыздың бастауы. Мұны болашақ ұрпақ бағалай білді. Қазақстан – жаңа, рухани өркениеттің бесігі. Қазақ халқы көп қасиет шеккен халық. Біршама қиналса да, бәріне шыдап, шыңдалып өтті. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы өзінің елдігін ынтымақ пен бірліктің арқасында сақтай білді. Атам қазақ қиындықтың артынан жақсылық келеді деп бекер айтпаған.